Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әзербайжанда Тоқаевтың экологиялық бастамалары тал...

Әзербайжанда Тоқаевтың экологиялық бастамалары талқыланды

Әлем Бүгін 16:06 21
Әзербайжанда Тоқаевтың экологиялық бастамалары талқыланды
Қазақстанның Бакуддегі елшілігі

Әзербайжанда Президент Тоқаевтың экологиялық бастамалары талқыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орны – АДА университетінде Каспий теңізінің таяздануы мәселелеріне арналған «Каспий мәселесі: себептері, салдарлары және шешімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.



Іс-шара 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит қарсаңында Қазақстанның Бакудағы Елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге академиялық орта, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік органдар, дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, Милли Мәжіліс депутаты, АДА Университетінің проректоры Фариз Исмаилзаде, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Таза энергия орталығының атқарушы директоры Айсель Ягубова, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Зүлфия Сүлейменова, Әзербайжан Республикасы СІМ Климаттық дипломатия департаментінің директоры Эльчин Аллахвердиев, Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының басшысы Серік Ахметов, Әзербайжан Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің басшысы Назим Махмудов, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, сондай-ақ экология, су мәселелері және климаттық дипломатия саласындағы басқа да жетекші сарапшылар сөз сөйледі.



Елші Әлім Байел өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экология мәселелеріне айрықша мән беретінін атап өтті. 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде референдум өтеді. Ата заңның жаңа жобасында азаматтардың табиғатты сақтау және оның байлықтарына ұқыпты қарау жөніндегі міндеттері алғаш рет айқындалған. Ал мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді.

Сондай-ақ Елші дөңгелек үстел қатысушыларын сәуір айында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етті. Дипломат Қазақстан көшбасшысы Қ. Тоқаевтың БҰҰ жүйесі аясында толыққанды су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы да айтып берді.

Айсель Ягубова Каспий теңізінің таяздану себептері мен оның жағалаудағы мемлекеттер үшін салдарларына тоқталып, бұл мәселеге халықаралық қауымдастықтың назарын аудару қажеттігін атап өтті. Зүлфия Сүлейменова Каспий мәселелерін талқылау бастамасына жоғары баға беріп, бүгінгі күні теңіздің таяздануын тек циклдік үдерістермен байланыстыруға болмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, теңіздің жағдайына жаһандық жылыну елеулі теріс әсер етуде. З. Сүлейменова сондай-ақ Қазақстанның табиғатты қорғау шараларындағы жетістіктері туралы айтып берді.

Эльчин Аллахвердиев Каспий маңы елдерін теңіздің экологиялық мәселелерін шешу үшін күш-жігерді біріктіруге шақырып, таяздану алғаш рет тек экологиялық емес, сонымен қатар экономикалық проблемаларға да әкеп отырғанын атап өтті. Серік Ахметов қатысушыларға Каспий теңізінің онжылдықтар бойынша экологиялық жағдайы туралы презентация ұсынып, су үнемдеу технологияларын енгізуді қоса алғанда, мәселенің ықтимал шешімдерін ұсынды.

Жалпы, дөңгелек үстел барысында өңірдегі экологиялық дағдарыстың себептері талқыланып, ықтимал шешімдер бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бірлесіп шешу жолындағы Қазақстан мен Әзербайжанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әзербайжан #Тоқаев #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

Бүгін 17:12

5 жыл бұрынғы рекорд жаңарды: Алматыда +23 градус тіркелді

Бүгін 16:57

"Ақшаға қатты мұқтаж болдым". Түркістанда ер адам бүйрегін 13 миллион теңгеге сатпақ болған

Бүгін 16:22

"Еуропалықтар таңғалып жазады". Футболдан алты жасар вундеркинд Айсұлтанның таланты таңдай қақтырды

Бүгін 16:05

Алматы облысында жер сілкінді

Бүгін 15:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі