AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Азаматтық авиация комитетінің төрағасы ИКАО-ның Ға...

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы ИКАО-ның Ғаламдық елшілер бағдарламасының елшісі болып тағайындалды

Шешім 30.01.2026, 10:40 370 dulatbekova
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы ИКАО-ның Ғаламдық елшілер бағдарламасының елшісі болып тағайындалды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Салазардың шешімімен ИКАО-ның Ғаламдық елшілер бағдарламасы аясында елші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл тағайындау ИКАО тарапынан Қазақстан Республикасына көрсетілген жоғары сенімді білдіреді әрі елдің халықаралық азаматтық авиация күн тәртібін ілгерілетуге қосқан үлесінің мойындалуы болып табылады.

Қазақстан өкілі ИКАО-ның 56 мемлекетті біріктіретін Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық өңірлік бюросы (EUR/NAT) шеңберінде іріктелді. Қазақстанның таңдалуы елдің ИКАО-ның 2026–2050 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында айқындалған басымдықтарды іске асырудағы белсенді әрі тиімді рөлін көрсетеді.

ИКАО елшісі ретіндегі қызметінде Салтанат Томпиева азаматтық авиацияны дамытудың негізгі бағыттары бойынша, атап айтқанда авиация саласының орнықты өсуін қамтамасыз ету, білікті авиация мамандарын даярлау және тарту, сондай-ақ саладағы әйелдер мен жастардың қатысуын кеңейту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын арттыруға үлес қосатын болады.

Аталған қызмет ерікті негізде және Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ИКАО-ның тәуелсіздік, бейтараптық және этика қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі бұл тағайындау Қазақстанның жаһандық азаматтық авиация жүйесіндегі белсенді рөлін, сондай-ақ орнықты даму, инклюзивтілік және адами капиталды дамыту саласындағы халықаралық бастамаларға берік ұстанымын растайтынын атап өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азаматтық авиация #елші #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);