AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Азаматтарды ерікті қан тапсыруға тарту бойынша қан...

Азаматтарды ерікті қан тапсыруға тарту бойынша қандай жүйелі шаралар жүргізіледі?

Мұны білген жөн Бүгін 14:44 44 Сұлу
Азаматтарды ерікті қан тапсыруға тарту бойынша қандай жүйелі шаралар жүргізіледі?
depositphotos.com

Елде ерікті және тегін қан тапсыруды насихаттау қазақстандық қоғамдағы азаматтық жауапкершілік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мұның айқын мысалы - биылғы ерікті қан тапсыру айлығы аясында Денсаулық сақтау министрлігі бастаған ауқымды ұлттық науқан. Осы кезеңде қоғамда өзара көмек, түсіністік және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Донор болыңыз және үміт сыйлаңыз» науқаны басталды. Небәрі бір айдың ішінде шамамен 18 000 азамат қан тапсыруға ерікті түрде ниет білдірді. Мұндай тақырыптық айлықтарды өткізу ел бойынша барлық негізгі денсаулық сақтау ұйымдарында қан компоненттерінің тұрақты қорын құруға көмектеседі.

Осы ауқымды науқанға қатысушылардың жоғары белсенділігінің арқасында Қазақстандағы клиникаларға құрамында эритроциттер бар компоненттердің 15 901 дозасы, плазманың 11 487 дозасы және тромбоциттердің 4 347 дозасы жоспарлы тәртіпте берілді. Бұл дайындалған көлем толығымен оталық араласуды, онкогематологиялық және гематологиялық ауруларды емдеуді, сондай ақ шұғыл көмекті қажет ететін пациенттерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, Алматы қаласында Қан тапсыру фестивалі өтіп, науқанның барысында 36 литрден астам қан жиналды.

Жалпы алғанда, елдегі донорлық қозғалыс тұрақты және жүйелі. Жыл сайын Қазақстанда 180 мыңнан астам азамат донор болып, 255 мыңнан астам донорлық жасайды. Бұл жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке өмір сүру және сауығу үшін басты мүмкіндік бере отырып, оларға сапалы қан құюды қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#донор #Донорлық #қан доноры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Музыка, өнер және жаңа идеялар: Алматыда Picnic by Partners мыңдаған қонақтың басын қосты

Бүгін 15:52

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Бүгін 14:53

Донорлар – басқаларға өмір сыйлайтын адамдар

Бүгін 14:37

Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

Бүгін 12:51

Алматыда Almaty Summer Fest жобасының екінші концерті өтті

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);