ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Автокөлікпен жүрер алдында қандай дәрі-дәрмектерді...

Автокөлікпен жүрер алдында қандай дәрі-дәрмектерді ішуге болмайды? 

Әлеумет 29.05.2024, 11:51 1,371
Автокөлікпен жүрер алдында қандай дәрі-дәрмектерді ішуге болмайды? 
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде дәрілік заттардың 6925 сауда атауы тіркелген. Олардың арасында көлік құралдарын басқарар алдында қолдануға тыйым салынған қандай дәрілер бар

 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде дәрілік заттардың 6925 сауда атауы тіркелген. Олардың арасында көлік құралдарын басқарар алдында қолдануға тыйым салынған қандай дәрілер бар. Аlmaty-akshamy.kz тілшісі зерттеп көрді

Сонымен, көлік жүргізер алдында орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттарға тыйым салынады.

«Автокөлікті басқару немесе жөндеу жұмыстары кезінде мидың істеу қабілетіне әсер ететін басқа да дәрілік топтар бар. Кейбір дәрі-дәрмектер көлік жүргізу қабілетіне бірден әсер етуі мүмкін, кейде оны қабылдағаннан күннен кейінгі күні де әсері тарқамауы мүмкін. Бұл әсерлер рецепт бойынша да, рецептсіз де дәрі-дәрмектерді қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін. Әсерлер көбінесе алкогольді бір мезгілде қолданғанда немесе басқа дәрі-дәрмектермен қосымша әрекеттескенде күшейеді. Нәтижесінде шаршау, бас айналу, көздің алды бұлыңғырланып немесе көру қабілетінің бұзылуы, ұйқы келтіру, денені құрыстыру және т.б. сияқты белгілер пайда болуы мүмкін», - дейді дәрігерлер. 

Олардың айтуынша, көбінесе дәрі-дәрмектерді қабылдаудан болатын қауіпті ескере бермейді. 

«Әсіресе, ем алуды бастаған кезде сақтанған жөн. Оған дозаның өзгеруі немесе дәрі-дәрмектің өзгеруі әсер етеді. Автокөлікті басқару кезінде кері әсер етуі мүмкін кейбір дәрілік топтардың тізімі: анальгетиктер (ауырсынуды жеңілдету үшін қолданылатын дәрілер); антидепрессанттар (ауыр депрессиялық бұзылуларды емдеу үшін қолданылатын дәрілер); диабетке қарсы препараттар (қандағы глюкозаны төмендету арқылы қант диабетін емдеу үшін қолданылатын дәрілер); эпилепсияға қарсы препараттар (эпилепсиялық ұстамаларды емдеу үшін қолданылатын дәрілер); антигистаминдер (аллергияны емдеу үшін қолданылатын дәрілер); гипертензияға қарсы препараттар (жоғары қан қысымын емдеу үшін қолданылатын дәрілер); анксиолитиктер (мазасыздықты емдеу үшін қолданылатын дәрілер); ұйықтататын дәрілер (ұйқы проблемаларын шешу үшін қолданылатын дәрілер); антипсихотиктер", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті қазіргі уақытта автокөлікті жүргізу кезінде медициналық дәрілерді ішуге тыйым салынған препараттардың толық тізімі жоқ екенін хабарлады

"Тіркелген дәрілік заттар бойынша ақпаратты ndda.kz сайтынан және darikz мобильді қосымшасында танысып шығуға болады. Сонымен қатар, көлік құралын басқару кезінде ішуге тыйым салынған дәрілік заттардың тізбесі жоқ", - деп толықтырды ведомство. Сонымен қатар, әрбір дәрі-дәрмектің қарсы көрсетілімдерін мұқият оқып шығуға кеңес берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.