AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АУҒАНСТАНМЕН САУДА-САТТЫҚ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ 

АУҒАНСТАНМЕН САУДА-САТТЫҚ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ 

Әлеумет 20.10.2024, 17:56 1,521 Олжас Жолдыбай
АУҒАНСТАНМЕН САУДА-САТТЫҚ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ 
Самат Құсайынов

Алматыда Ауғанстан өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Ауғанстандық зергерлік бұйымдар – бұл ежелгі өнердің үлгісі, онда шеберлік, дәстүр мен халықтың мәдениеті астасады. Бүгінде ауған зергерлері өз ата-бабаларының рухымен жұмыс істеп, әлемнің түкпір-түкпірінде адамдардың жүрегін жаулайтын әшекейлерді жасайды.

Негізгі материалдар – алтын, күміс және мыс. Ауған зергерлерінің айрықша ерекшелігі – ел аумағында өндірілетін табиғи асыл тастарды қолдану. Бадахшан провинциясынан алынған лазурит әлемдегі ең жақсы деп саналады. Ал Ауған изумрудтары мен рубиндері өзінің тазалығы және түсінің қанықтылығымен танымал. Көптеген әшекей бұйымдар қолмен жасалады, және әрбір зергер бұйымның күрделілігіне байланысты бір айдан бірнеше айға дейін уақыт жұмсайды.

Ауғанстан жыл сайын шамамен 10 тонна зергерлік бұйымдар шығарады. Оның басым бөлігі экспортталады. Негізгі нарықтар – Таяу Шығыс, Еуропа, АҚШ және Қытай елдері. 2023 жылы зергерлік бұйымдардың экспорты шамамен 120 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл бірегей ауған тастарымен безендірілген қолөнер бұйымдарына деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Көрмеде ляпис-лазурь, турмалин, нефрит, гагат, сапфир, зумрут және басқа да бағалы және жартылай бағалы тастардан жасалған әшекейлер ұсынылды.

«Қазақстан мен Ауғанстан арасында сауда-саттық артып келеді. Көрмеде қолөнер және зергерлік бұйымы, кілем, көкөніс пен жемістер, құрылыс материалдары, былғары өнімдері қойылған. Алматыға 150 бизнес қоғамының өкілдері келді. Бұл бизнес сауданың дамуына жоғары қызығушылық пен нығайтудың жоғары деңгейін көрсетеді , – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік ЖҰМАНҒАРИН.
Екі ел арасындағы сауда-саттық, кәсіп саласы жандану үстінде. Бұл жайында Қазақстан сауда палатасының аймақтық өкілі Арман ЕСЕНТАЕВ сөз сөйледі.

«Екі жақты сауда ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып, сауда-саттықты дамытып, екі ел арасындағы әлеуметтік, мәдени ықпалдастықты арттырып келеді. Қос тарап та бизнес қарым-қатынасына белсенді атсалысып жатыр, – деді ол.

Сонымен қатар сауда ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында ой айтылды.

«Бұл көрменің мән-мағынасы зор. Өз кезегінде елдеріміз арасындағы сауда қатынастарының одан ары қарқын алуына пайдасын тигізеді. Сондай-ақ жеке сектордың өркендеуіне мүмкіндік береді», – деді Ауғанстан бизнес өкілі Нұрахмат Нури.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауғанстан #Көрме #кілем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);