AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ауғанстандық есірткіні Қазақстан арқылы Еуропаға ж...

Ауғанстандық есірткіні Қазақстан арқылы Еуропаға жеткізбек болған

Заң мен тəртіп 03.05.2024, 08:41 1,105 Almaty-akshamy.kz. 
Ауғанстандық есірткіні Қазақстан арқылы Еуропаға жеткізбек болған
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) еуропалық елдермен есірткінің заңсыз айналымына қарсы бірлескен операция жүргізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткен жылдың соңында "Солтүстік бағдар" деп аталатын халықаралық есірткі жеткізу арнасының жолын кесу бойынша операцияны іске асырды.


Жедел жете тексеру барысында Ауғанстаннан Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне героин контрабандасының қолданыстағы арнасы анықталды.


"Комитет шетелдік серіктестермен және Германияның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, халықаралық есірткі синдикаттарының бірінің дамыған желісін анықтады. Жете тексерудің соңғы кезеңі Германияда 60 кг апиын мен 12 кг метамфетаминді тасымалдау кезінде екі шетелдікті ұстау болды" - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.


Германияның құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


Ағымдағы жылдың ақпанында басқа жете тексеру шеңберінде трансұлттық есірткі құрылымына қатысушылардың ауған есірткілері контрабандасының кезекті халықаралық арнасын ұйымдастыру ниеттері әшкереленді.


Есірткі тізбегінің барлық буындарын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының үйлестіруімен еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасының негізгі ұйымдастырушысы – Испания азаматы ұсталды, одан Қазақстан арқылы Ауғанстаннан Еуропаға жеткізілген 10 кг метамфетамин алынды.


Еуропада алынған есірткінің нарықтық құны 2.5 млн АҚШ долларынан артыққа бағаланып отыр.


Есірткі трафигінің халықаралық арналарын бейтараптандыру жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #ҰҚК #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);