ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ауа сапасын жақсарту әрбір тұрғынға байланысты

Ауа сапасын жақсарту әрбір тұрғынға байланысты

Әлеумет 14.04.2025, 16:53 612
Ауа сапасын жақсарту әрбір тұрғынға байланысты
Сурет: Әспет Дулатбекова
Алматы – мәдениет пен өркениеттің тоғысқан ірі мегаполис.

Алматы – мәдениет пен өркениеттің тоғысқан ірі мегаполис.

Бірақ, соңғы жылдары алып қала туралы айтқанда «таза ауа» деген сөз сирек естілетін болды. Бұрын таудан ескен самалмен тыныстаған алматылықтар бүгінде көк түтінмен күресіп жүр. Атмосфералық ауаның ластануы – қала тұрғындарының жайлы өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе.

Алмалы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Айнұр Шалагизованың айтуынша, ауаның ластануына бір емес, бірнеше фактор себеп болып отыр. Соның ішінде ең бастылары — көліктер, көмірмен жылынатын үйлер, өндіріс орындары мен құрылыс алаңдарынан шыққан шаң-тозаң.

Бірінші себеп – көлік тығыны
Қалада көлік саны жыл сайын артып келеді. Әсіресе таңғы және кешкі уақытта көлік тығыны көбейіп, қозғалыссыз тұрған машиналардан ауаға бөлінетін зиянды газдардың мөлшері еселеп өсуде. Электрлі көлік пен гибридтер әлі де аз. Бұл жағдай қала экологиясын ауырлатып отыр.

Көмірмен жылыту – көк түтіннің қайнары
Қыстыгүні жеке үйлер мен кейбір мекемелер көмір жағып жылынады. Бұл әсіресе кешкі уақытта көбірек байқалады. Қала шетін аралаған адам көк түтін мен қышқыл иісті анық сезеді. Ол иіс сыртта ғана емес, үй ішіне дейін еніп, тыныс алуға кедергі келтіреді.

Өндіріс пен құрылыс – жасырын қауіп
Қаланың сыртында орналасқан өндіріс орындары мен шағын зауыттар да ауаны ластап отыр. Кейбір кәсіпорындар экологиялық талаптарды сақтамай, зиянды қалдықтарды ауаға таратады. Қаланың өз ішінде жүріп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде пайда болатын шаң мен химиялық қалдықтар да жағдайды ушықтыра түсуде.

Табиғи жағдай да әсер етеді
Алматының географиялық орналасуы – яғни тау етегінде орналасуы – ауаның алмасуын қиындатады. Ауа қозғалысы шектелгенде, лас түтін төменгі қабатта тұрып қалады. Бұл тұман секілді көрінгенімен, түбінде ол – шын мәніндегі экологиялық дағдарыс.

Денсаулыққа төнген қауіп
Ластанған ауа – тек экологиялық емес, медициналық мәселе. Тыныс алу жолдарының қабынуы, астма, аллергия, жүрек-қан тамырлары аурулары, өкпе обыры сынды дерттер осыдан туындайды. Әсіресе балалар мен қарттар, созылмалы ауруы барлар үшін бұл – үлкен қауіп.

Бақылау бар, бірақ бәріміз атсалысуымыз керек
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы әр тоқсан сайын ауа сапасын тексеріп отырады. Егер зиянды заттардың мөлшері шекті деңгейден асып кетсе, бұл туралы жергілікті билікке хабарлайды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, экологияға қатысты кеңестер беріледі.

– Алматыдағы ауа сапасын жақсарту – тек мамандардың ғана емес, әрбір тұрғынның қолындағы іс. Жеке көлікті азайтып, қоғамдық көлікке ауысу, ағаш отырғызу, көмірдің орнына балама энергия көздерін пайдалану – барлығы да жағдайды жақсартуға сеп. Таза ауа – бәрімізге ортақ байлық. Оны қорғау – ортақ жауапкершілік, дейді бас маман Айнұр Бектұрсынқызы. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,312 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.