AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атыраулық алып жігіт еліміздің рекордтар кітабына...

Атыраулық алып жігіт еліміздің рекордтар кітабына енеді

Әлеумет 20.04.2023, 19:42 989 Almaty-akshamy
Атыраулық алып жігіт еліміздің рекордтар кітабына енеді
Сурет: Ашық дереккөз

Оның бойы 6-сыныпта оқып жүргенде өсе бастаған


Атыраулық алып жігіт Парасат Нұрғалиевтің бойы ұзын, ал аяғының өлшемі – 56 см. Енді бұл өлшемдер еліміздің рекордтар кітабына тіркеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл туралы бүгін, 20 сәуірде, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов мәлім етті.


Ол «Таңшолпан» бағдарламасының студиясында алып жігіттің бойын өлшеді. Көрсеткіш – 218,5 см.



«Парасат Нұрғалиев Қазақстан рекордтар кітабына «Елміздегі ең алып адам» ретінде енеді. Бір ерекшелігі, оның аяғының өлшемі болып отыр. Қазір аяғының өлшемі – 56 см. Бұл да рекордттар кітабына тіркеледі», - деп мәлім етті Қуандық Құдайбергенов.



Қазір ең алып жігіт – Парасат Нұрғалиев Индер ауданының Құрылыс ауылында анасымен бірге тұрады.


Тұрақты жұмысы жоқ. Құрылыс саласында әртүрлі жұмыс істейді.


Бос уақытында Жайық өзенінен балық аулағанды ұнатады.



«Анашымның айтуынша, мен өмірге келгенде, салмағымда да, бойымда да ерекшелік байқалмапты. Ағаларым мен апайым да орта бойлы, мен сияқты емес. Алайда, әжем ірі сүйекті болған екен. Әкем де ұзын бойлы, кең иықты, ірі саусақты болыпты», - дейді Парасат Нұрғалиев.



Оның айтуынша, бойы 6-сыныпта оқып жүргенде өсе бастаған. Киімдері қысқарып, аяғының өлшемі үлкейген.


Ал, 9-10-сыныптарда 50-өлшемді аяқкиім табу қиынға соққан. 2014 жылы мектепті бітіргенде, салмағы 120 келіге жетіп, бойы 2 метр болған.



«Менің денсаулығымда еш кінәрат жоқ. Бойымның ұзындығы да, салмағымның ауырлығы да жүріс-тұрысыма кедергі келтірмейді. Киім мен аяқкиімді арнайы тапсырыспен тіктіремін», - деп күледі алып жігіт.



Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бойы – 2 метр 15 см, аяғының өлшемі – 56 см алып жігіт тұратынын жазған едік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алып жігіт #Гиннестер кітабы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);