AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атыраудағы отбасының жоғалуы: іске зерттеу жүргізг...

Атыраудағы отбасының жоғалуы: іске зерттеу жүргізген "хакер" халықаралық іздеуге жарияланды

Оқиға 15.01.2026, 11:24 559 Дина
Атыраудағы отбасының жоғалуы: іске зерттеу жүргізген "хакер" халықаралық іздеуге жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

Атырауда өзін "хакер" деп таныстырып, әлеуметтік желіде жоғалған отбасыға қатысты түрлі нұсқалар таратқан ер адам Интерпол арқылы халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаменті аталған азаматтың халықаралық деңгейде іздеуде жүргенін ресми растаған. Құқық қорғау органдары оның алаяқтық бойынша айыпталып отырғанын, алдын ала дерек бойынша шетелде бой тасалап жүргенін хабарлаған.

Полиция не дейді?

Полиция бұған дейін "хакердің" әлеуметтік желіде жариялаған "өз зерттеуіне" қатысты пікір білдіріп, оның қаржылық ағымдар мен басқа да деректер туралы айтқандары шынайылыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеген. Сонымен қатар ведомство ресми дереккөздерге ғана сүйенуді сұрап, жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескерткен.

Полицияның ақпаратынша, аталған адамға қатысты бұған дейін алаяқтық фактілері бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген, тергеу жалғасып жатыр.

Атыраудағы жағдайдың жай-жапсары

Еске салсақ, 6 қаңтарда Атырау облысының Жангелдин ауылынан 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Насип Үтешқалиеваның мәйіті табылған. Іс бойынша басты күдікті ретінде марқұмдардың 29 жастағы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев аталады. Ол да халықаралық іздеуде. Ал марқұмдардың кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиева хабар-ошарсыз кеткендер ретінде халықаралық іздеуге жарияланғаны айтылды.

 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#іздеу #Хакер #Атырау облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);