ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Атырауда студент қыз қатарласын аяусыз ұрып-соққан...

Атырауда студент қыз қатарласын аяусыз ұрып-соққан: оқиға видеосы желіде тарады

Оқиға 25.09.2025, 12:38 441
Атырауда студент қыз қатарласын аяусыз ұрып-соққан: оқиға видеосы желіде тарады
сурет: видео кадры
Атырауда студент қыз қатарласын аяусыз соққыға жығып, қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Атырауда студент қыз қатарласын аяусыз соққыға жығып, қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Оқиға қаладағы саябақтардың бірінде болған. Видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Желіде тараған бейнежазбада ақ түсті кофта киген қыздың жерге құлаған қатарласына жұдырықпен бірнеше рет соққы жасап, кейін басынан теуіп жатқан сәті анық көрінеді.

Полиция түсініктеме берді

Атырау облыстық полиция департаменті күдікті қыздың ұсталғанын хабарлады. Ол қазір Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген.

"Барлық қатысушы профилактикалық есепке алынады. Материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды. Сондай-ақ, балаларды тәрбиелеуде міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр", - деп мәлімдеді полиция.

Ведомство оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп, бірақ полицияға хабарламаған жасөспірімге де құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Жәбірленушіге көмек көрсетілді

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті зардап шеккен қыздың ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп, кейін үйіне жіберген. Қызға қосымша психологиялық қолдау ұйымдастырылады.

Комитеттің мәліметінше, колледж тарапынан да жұмыс жүргізіліп жатыр: ата-аналармен және студенттермен әңгімелер өткізілген, облыстық білім басқармасы жағдайды тексеріп, арнайы бұйрық шығарған. Аймақтық балалар омбудсмені де оқиға орнына барып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.