AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кін...

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Оқиға 10.05.2026, 14:36 238 Сұлу
Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады
ІІМ

Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты тергеу аяқталды. Басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін мойындап, қазір тергеу изоляторында сотты күтіп отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздердің мәліметінше, айыпталушы қылмыстық іс материалдарымен танысып, төрт адамды өлтіру дерегі бойынша кінәсін мойындаған.

Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша айып тағылды. Сонымен қатар, тергеу аясында 188 және 190-баптар - "Ұрлық" және "Алаяқтық" бойынша қосымша қылмыстық істер тіркелген. Әңгіме қаза тапқан отбасының малын сату, сондай-ақ, олардың банк карталарынан ақша ұрлау туралы болып отыр.

"Барлық тергеу әрекеттері аяқталды. Іс толық дайын, жақын күндері сотқа жолданады. Сот процесі осы айда басталады", - деді дереккөз.

Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп танылғанын хабарлаған. Бұл оның заң бойынша толық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді.

Тағылған айыптарды ескерсек, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы #отбасы #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Кеше 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Кеше 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Кеше 15:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);