AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге береше...

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Заң мен тəртіп 18.02.2026, 08:53 235 Дина
Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды
фото: ашық дереккөз

Атырау облысында 4 246 жеке тұлға көлік салығын белгіленген мерзімде төлемеген. Соның салдарынан өңірде 321 млн теңге көлемінде берешек жиналған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше, қарыздың 226 млн теңгесі негізгі берешек болса, 95 млн теңгесі кешіктірілген төлем үшін есептелген өсімпұл. Бұдан бөлек, мүлік салығы бойынша 10 415 азаматтың 50 млн теңге қарызы тіркелген.

Ережеге сай, жеке тұлғалар көлік салығын жыл сайын 1 сәуірге дейін тұрғылықты жері бойынша төлеуі тиіс. Ал мүлік салығын өтеудің соңғы мерзімі – 1 қазан. 2025 жылға есептелген мүлік салығы 2026 жылдың 1 қазанына дейін төленуі қажет.

Департамент түсіндіргендей, салық уақытында төленбесе алдымен ескерту-хабарлама жіберіледі. Қарыз өтелмеген жағдайда салық бұйрығы шығарылып, іс жеке сот орындаушыларына жолданады. Одан кейін мәжбүрлі өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін.

Биылдан бастап салық салу тәртібіне де өзгерістер енгізілген. Енді жеңіл көлік 10 жылдан асса, есептелетін салық 30% төмендейді. Ал 20 жылдан асқан автокөліктер үшін төлем мөлшері 2 есе азаяды. Сонымен қатар шаруа қожалықтары бір пикап көлігі үшін салық төлеуден босатылған.

Қымбат мүлік иелеріне қатысты жаңа талап та күшіне енді: егер азаматтың барлық жылжымайтын мүлкінің жиынтық құны 450 млн теңгеден асса, осы сомадан асқан бөлігіне 2% қосымша салық салынады.

Салық органдары тұрғындарды төлемдерді кешіктірмей өтеуге шақырып отыр. Себебі берешек ұлғайған сайын өсімпұл да көбейіп, іс сот орындаушыларының қарауына өтуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #салық #Атырау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);