Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Атырауда 83 жастағы енесін өлтірген әйел сотталмай...

Атырауда 83 жастағы енесін өлтірген әйел сотталмайтын болды

Заң мен тəртіп Бүгін 12:19 26
Атырауда 83 жастағы енесін өлтірген әйел сотталмайтын болды
ашық дереккөз

Атырау облысында 83 жастағы әйелдің өліміне қатысты іс бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай 2025 жылдың мамыр айында Жасқайрат ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам төсек тартып жатқан анасын күту үшін өз үйіне көшіріп әкелген. Алайда бұл шешімге жұбайы қарсы болып, отбасында жанжал жиілеген.

Бірнеше аптадан кейін күйеуі үйде жоқ кезде әйел қарт анаға ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Ауыр жарақат алған зейнеткер аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Кешенді сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, айыпталушы параноидты шизофрения дертіне шалдыққан. Денсаулық жағдайына байланысты ол сот процесіне қатыспаған.

Сотта куәгерлердің жауаптары, оқиға орнын тексеру хаттамалары, бейнежазбалар мен сараптама қорытындылары қаралған. Прокурор айыпталушыны қарқынды бақыланатын мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді сұрады. Жәбірленуші тарап бұл ұсынысты қолдады.

Сот Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген әрекет есі дұрыс емес жағдайда жасалған деген қорытындыға келіп, ҚК-нің 16-бабына сәйкес әйелді қылмыстық жауаптылықтан босатты. Қаулыға сәйкес, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы ретінде мамандандырылған психиатриялық мекемеде қарқынды бақылаумен ем қабылдау тағайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Бүгін 14:34

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар желісі кеңейтіліп келеді

Бүгін 14:18

Алғыс – бірліктің берік негізі

Бүгін 13:43

Алматыда “ALGYS FEST” мерекелік концерті өтеді

Бүгін 11:47

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі