AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Атырау-Ақпарат" пен "Alatau-Aqparat" медиа саласы...

"Атырау-Ақпарат" пен "Alatau-Aqparat" медиа саласындағы әріптестікті кеңейтті

Барлығы 08.10.2025, 15:03 624
"Атырау-Ақпарат" пен "Alatau-Aqparat" медиа саласындағы әріптестікті кеңейтті
Нұрбол Ынтымақұлы

Жақында "Alatau-Aqparat" медиахолдингінде "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының орынбасары Серік Қабдолов келді. 

Кездесу барысында тараптар медиа саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, өңірлік ақпарат кеңістігін дамыту және заманауи технологияларды енгізу бағытындағы тәжірибені бөлісті. Әсіресе, жасанды интеллектіні редакциялық жұмысқа енгізу тәжірибесі туралы ақпарат берілді.

Қонаққа "Alatau-Aqparat" құрамындағы сайттар мен басылымдардың, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстар қалай ұйымдастырылып жатқаны және жасанды интеллект құралдарының редакциялық процестерге қалай интеграцияланғаны таныстырылды. Серік Қабдолов бұл бағыттағы жұмыстардың медианың сапасы мен жеделдігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында ақпарат алмасуды жүйелеу, бірлескен жобалар мен аймақтық медианың дамуына серпін беретін бастамаларды іске асыру көзделген.

Серік Қабдолов өз кезегінде "Атырау-Ақпарат" пен "Alatau-Aqparat" арасындағы әріптестіктің екі өңірдің медиа кеңістігіне жаңа серпін беріп, кәсіби тәжірибе мен идея алмасудың тиімді алаңына айналатынына сенім білдірді.

Ал "Alatau-Aqparat" медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы әріптес ұйымдармен осындай тәжірибе алмасу кездесулері өңірлік журналистиканың дамуына, заманауи медиа үрдістерді меңгеруге және ақпараттық саясатты жаңа деңгейге көтеруге жол ашатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау ақпарат #Атырау ақпарат #Меморандум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);