ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / "Атқа байлап сүйреген": полиция әйелін аяусыз ұрып...

"Атқа байлап сүйреген": полиция әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адамның ісіне қатысты үндеу жасады

Оқиға 18.07.2025, 13:44 582
"Атқа байлап сүйреген": полиция әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адамның ісіне қатысты үндеу жасады
Сурет: Polisia.kz
Жетісу облысының полицейлері 32 жастағы әйелдің өліміне қатысты істің тергелу барысын түсіндірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жетісу облысының полицейлері 32 жастағы әйелдің өліміне қатысты істің тергелу барысын түсіндірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Не болды?

Бұған дейін оқиға туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова хабарлаған болатын. Қайтыс болған әйел Айзаттың туыстары оның өліміне күйеуін кінәлап отыр. Олардың айтуынша, ер адам әйелін бірнеше сағат бойы кішкентай қызының көзінше аяусыз ұрып-соққан. Айзаттың ауыр жарақаттар алғаны анықталды: бас сүйек-ми жарақаты, сүйек сынықтары, денесін сүйреткен іздер. Туыстарының мәлімдеуінше, ер адам әйелді арқанға байлап, далада сүйрген, оның білек терісі сыдырылған.

Айзат 22 маусымға қараған түні Талдықорғандағы ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның ауруханаға жеткенше көз жұмғанын айтқан. Жақындары күйеуінің зорлық-зомбылық іздерін жасыруға тырысқанын алға тартады.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ер адам оқиға кезінде мас күйде болып, агрессив әрекеттер жасаған. Ол әйелінің терезеден құлап кеткенін айтпақ болған. Алайда марқұмның туыстары бұл азаптау және қасақана кісі өлтіру деп санайды.

Қазір бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тергеліп жатыр. Марқұмның жақындары бұл бапты аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру ретінде қайта саралауды талап етіп жатыр.

Полицияның мәлімдемесі

Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 22 маусымда болған әйел өліміне байланысты соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті оқиға болған алғашқы күннен бастап қамауға алынған. Қазір бірқатар сот-медициналық сараптама нәтижесі күтіледі. Осы қорытындылардың негізінде прокуратурамен келісе отырып, күдіктінің іс-әрекетіне нақты құқықтық баға беріледі.

"Әлеуметтік желілерде түрлі расталмаған мәліметтер мен болжамдар таралып жатыр. Қазақстан заңнамасына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап береді", – делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғау органдары азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тергеу барысына ықпал етуі немесе жұртшылықты шатастыруы мүмкін жалған деректерді жариялап, таратудан бас тартуға шақырды.

Қазір полиция бұл істі ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатыр. Марқұмның туыстары істі ерекше қатыгездікпен жасалған адам өлтіру ретінде қайта саралауды талап етіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.