AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Атамекен": Кәсіпкерлерден залалды өтеуге өтінім қ...

"Атамекен": Кәсіпкерлерден залалды өтеуге өтінім қабылдана бастады

Әлеумет 21.01.2022, 04:02 1,154
"Атамекен": Кәсіпкерлерден залалды өтеуге өтінім қабылдана бастады
tengrinews.kz

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге келген залалды өтеуге InfoKazakhstan.kz платформасында электронды өтінімдерді қабылдай бастады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, бұл шара Үкімет бекіткен 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келген мүліктік залалды өтеу механизміне сәйкес іске асырылады.


Еске салсақ, залалды өтеу туралы өтініш ЭЦҚ көмегімен infokazakhstan.kz сайты арқылы беріледі.


Механизмге сәйкес, залалды өтеу туралы өтініштерді өңірлік комиссиялар күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды.


Өтініш мақұлданған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.


Қаржы Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына тиісті шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушіге аударылады деп болжанады.



«Зардап шеккен кәсіпкерлердің назарына! Залалды өтеуге өтініш берер алдында осы сілтемеге кіріп, нұсқаулықпен танысуыңызды сұраймыз, сондай-ақ қажетті құжаттардың толықтығына көз жеткізу керек. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өңірлік комиссия мүліктік залалды өтеуден бас тарту туралы шешім шығарады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін «Атамекен» ҰКП залалды өтеу бойынша іс-қимыл алгоритмін дайындады. Онда залалды өтеуге өтініш беру қадамдары сипатталған», - делінген «Атамекен» ҰКП таратқан хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атамекен #кәсіпкер #өтемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);