ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қажет пе?

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қажет пе?

Әлеумет 01.02.2022, 10:18 1,230
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қажет пе?
Сурет: 24.kz
Палатаны трансформациялау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Палатаны трансформациялау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.


Отырыста талқыланған мәселенің бірі палатаның жұмысын сақтап қалу болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Палатаның Алматыдағы өңірлік кеңесінің басшысы Максим Барышевтің айтуынша, ҰКП жұмысын жалғастыру туралы мәселе өңірдегі съездің күн тәртібінде болған.



«Барлығы бір ауыздан ҰКП-ны қалдырып, оны реформалау керек деп дауыс берді. Бүгін де шарамызды жалғастыру үшін осындай мәселені дауысқа шығаруды ұсынамын», - деді ол онлайн-кездесуде.



Сонымен бірге, Қайталама металлургия өнеркәсіпшілері одағының төрағасы Владимир Дворецкий де мұндай тақырыптың көтерілуіне негіз бар екенін, сондықтан жан-жақты талдау жүргізу қажеттігін айтты.



«Менің ойымша, қазір елде мүмкіндіктер терезесі пайда болды, біз оны міндетті түрде пайдалануымыз керек. Қазір ренжитін уақыт емес, барлық фактілерді жайып салып, тиісті шешімдер қабылдануы керек, қазір күш салсақ, бір жылдан кейін мүлдем басқа елге айналарымызға сенімдімін», - деді В. Дворецкий.



Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов палатаны қалдыру туралы шешімді жоғары орган ретінде съезд қабылдайтынын түсіндірді. Оның айтуынша, съезді шақыру наурыздың екінші бөлігіне жоспарланған. Өңдеу өнеркәсібі одағының басшысы Әділбек Бектібаев съезде палатаны мақтап, оны сақтап қалуды ғана сұрамай, бизнес үшін қандай жұмыс істегенін де айту керек деген пікір білдірді.



«Палата бизнес үшін ештеңе жасамады деп ойлайтындар бар. Мен онда объективті ашық пікірлер болғанын және екі тараптың да тыңдалғанын қалаймын», - деді Ә. Бектібаев.



Жалпы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын трансформациялау жөніндегі жұмыс тобына барлық өңірден 89 адам, оның ішінде кәсіпкерлер, түрлі салалардағы салалық комитеттердің өкілдері кірді. Қазіргі уақытта олар ҰКП-ны трансформациялау бойынша 360 ұсыныс жинады. Талқыланған тақырыптар қатарында ҰКП құрылымы мен қызметі, қауымдастықтарды аккредиттеу рәсімдерін жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді сараптау, мүшелік жарналар мен ақылы қызметтерді енгізу бойынша ұсыныстар бар. Сондай-ақ, жұмыс тобына кәсіпкерлерден бизнестің 400-ге жуық проблемалық мәселелері жолданған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,442 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,332 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.