AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Астрахань қаласында қазақ мәдени орталығының жұмыс...

Астрахань қаласында қазақ мәдени орталығының жұмысы жанданды

Мәдениет 15.06.2022, 11:11 2,003
Астрахань қаласында қазақ мәдени орталығының жұмысы жанданды
Сурет: Aqmeshit-zhastary.kz

Ресейдің Астрахань қаласында қазақтың қос ішекті домбырасына қызығушылық танытатындар көбейген.


Тіпті ниет білдірушілерге арналып, сол өңірдегі өнер және мәдениет колледжінде арнайы оқу сыныбы да ашылған. Әрі қандастар көп шоғырланған өңірдегі іргелі білім ордасында қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын орталық жасақталып, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.


Қазақтың дегдар дәстүрі мен бірегей салт-дәстүрін кеңінен насихаттайтын қоғамдық орталық 31 жыл бұрын Астраханьда ашылды. Бұл осында тұратын 150 мыңнан астам қандасқа айнымас бағдар болды. Бастама кеңінен қанат жайып, бүгінде жаңа деңгейге көтерілген. Енді ұлттық құндылықтан шет қалған жастар үшін техникалық университет жанынан аудитория іске қосылды.



"Осы факультативке жастармен қатар, өзінің тілін, дәстүрін білгісі келетін үлкен адамдар, балалар келеді. Соның ішінде шетелдің басқа ұлт өкілдері де оқиды", - қазақ тілі мұғалімі Әлия Ғұмарова.



Астраханьдағы 15 мектепте қазақ тілі факультативтік пән ретінде оқытылады. Сауат ашу кітаптары әбден тозған. Сол үшін бастауыш сынып балаларына арналған жаңа оқулық әзірленді. Оқулықтар заманға сай әдістерге негізделген әрі оларды дайындау үшін білікті мамандар жұмылдырылған.


 «Нағыз қазақ – домбыра» деген ұстанымды мұндағы қандастар жақсы түсінеді. Қызығушылық танытқан жастар өнер колледжінде ұлттық аспапты кәсіби деңгейде меңгеруге көшкен. «Шалқыма» деп аталатын оркестр құрып, домбыраның ғажайып мүмкіндіктерін паш етіп жүр. Талай байқауда жеңімпаз атанып, талғампаз көрерменнің көзайымына айналған.


 "Біз тек қана қазақтың музыкасын емес, шетелдің де музыксын ойнаймыз. Сосын қазақтың фольклорын да көтеріп жатырмыз. Сұраныс көп, облыстың 15 ауданында әрбір қазақ мектебінде домбыра класы бар", - деді «Шалқыма» оркестрінің мүшесі Қайрат Қазанбаев.

Домбыра үйренемін деушілер көп болғасын, колледж жанынан арнайы үйірме де ашылыпты. Оған 6 жастан асқан балалар қабылданады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Домбыра #мәдени орталық #қызығушылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);