Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Астананың бауырлас қалалары форумы басталды

Астананың бауырлас қалалары форумы басталды

Әлеумет 05.07.2023, 04:34 994
Астананың бауырлас қалалары форумы басталды
Сурет: Inform.kz


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумына қатысып жатыр.


Форумның тақырыбы - «Астананың 25 жылдығы. Жаңа перспективалар. Жаңа мүмкіндіктер». Оның аясында қалаларды дамытудың өзекті мәселелерін және олардың қазіргі жаһандық әлемдегі өсуі мен инновацияның басты орталықтары ретіндегі рөлі талқыланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Форумның іскерлік бағдарламасы аясында түрлі салалар бойынша өткізілетін 8 панельдік сессияның ұйымдастырылуы жоспарланған:


1) Қалаларды цифрлық трансформациялау: инновациялық жобалар, бағдарламалар және технологиялар;


2) Қалаларға инвестициялар экономиканың өсуінің негізгі драйвері ретінде;


3) Болашаққа бағытталған қала құрылысы;


4) Медициналық туризмнің әлемдік нарығы: проблемалар мен өсу драйверлері;


5) Астана – медициналық туризм картасында;


6) Болашақ бағдарламасының 30 жылдығы: Астананың адами капиталына және еңбек ресурстарын дамытуға қосқан үлесі;


7) FUTURE SMART megacities халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумы;


8) Ортағасырлық Еуразияның урбанизацияланған кеңістіктерінің тарихындағы Бозоқ - халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.


Халықаралық сессияларға бауырлас қалалар мэрлері, әлемнің 15 елінен беделді сарапшылар, әлемдік бизнес көшбасшылары, қаржы институттарының мамандары, мемлекеттік және ғылым қайраткерлері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдері қатысып жатыр.


Іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Израиль, Түркия, Польша, Үндістан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Жапония, Әзербайжан, Оңтүстік Корея елдерінен қатысушылар келді.


Форум қорытындысымен бірқатар халықаралық келісімдерге қол қою жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #бауырлас қалалар #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.