конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Астаналық оқушы халықаралық математика олимпиадасы...

Астаналық оқушы халықаралық математика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды

Білім және ғылым 12.08.2026, 19:23 159
Астаналық оқушы халықаралық математика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Олимпиада тапсырмалары Сингапурдың озық математикалық білім беру бағдарламасына негізделді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астананың «Smart Technological School» мектебінің оқушылары Сингапурда өткен математикадан халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті.

Сингапур қаласында 17-22 маусым аралығында «StemCo Global Finals Maths 2026/SGFM 2026» халықаралық олимпиадасының финалы өтті. Байқауға әлемнің әр түкпірінен ұлттық онлайн іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары алтын, күміс және қола жүлдегерлері қатысты.

Астаналық оқушылар халықаралық додада үздіктер қатарынан көрінді. «Smart Technological School» мектебінің 5-сынып оқушысы Әлімжан Көпеев абсолютті чемпион атанып, I орын және алтын медаль иеленді. Ал мектептің тағы бір оқушысы Әлихан Мұрат III орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

Халықаралық олимпиадаға қатысу арнайы шақыру арқылы жүзеге асырылды. Финалға әлемнің түрлі елдерінен ұлттық онлайн іріктеу кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар жолдама алды.

Олимпиада тапсырмалары Сингапурдың озық математикалық білім беру бағдарламасына негізделді. Қатысушылардың тек математикалық формулаларды білуі ғана емес, күрделі контекстік есептерді талдауы, логикалық ойлауы және алған білімін практикалық жағдайда қолдана білу қабілеті сыналды.

Айта кетерлігі, «Smart Technological School» мектебінен халықаралық финалға қатысқан екі оқушының екеуі де жүлделі орындарға ие болды. Бұл – оқушылардың пәндік дайындығы мен халықаралық деңгейдегі білім додаларына әзірлігінің жоғары екенін көрсететін нәтиже.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #оқушы #халықаралық олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);