AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы жасөспірім п...

Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы жасөспірім полициядан қашпақ болған

Заң мен тəртіп 03.04.2026, 09:12 231 Дина
Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы жасөспірім полициядан қашпақ болған
видео скрині

Астанада полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Tesla көлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 14 жастағы жасөспірім отырғаны анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онымен бірге көлікте тағы бір кәмелетке толмаған досы отырған.

Полиция мәліметінше, құқықбұзушылықтар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелген. Қызметкерлердің тоқтау туралы заңды талабына жасөспірім бағынбай, оқиға орнынан қашып кетуге әрекеттенген.

Ведомство бұл жағдайдың бірінші рет емес екенін атап өтті. Бұған дейін, наурыз айында, дәл осы көлікпен жасалған бірнеше құқықбұзушылық, соның ішінде қауіпті маневрлер де тіркелген. Алайда бұрын қабылданған шаралар нәтиже бермеген.

Қазіргі уақытта Tesla коммуналдық тұраққа қойылды. Оқиғаға байланысты көлік жүргізу құқығы жоқ адамның басқаруы және көлікті сондай адамға беру фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Сонымен қатар жасөспірімнің заңды өкілдері де жауапкершілікке тартылды. Оларға бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін шара қолданылған.

Полиция жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару, әсіресе кәмелетке толмағандардың рөлге отыруы адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);