AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессияс...

Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтті

Саясат 24.09.2026, 12:15 218
Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтті
Акорда

Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси реформалар мен жаңа институттың маңызына тоқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Саяси реформалар туралы

Президент Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуын мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі деп атады. Мемлекет басшысы елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар жалғаса беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Қазір Қазақстан ауқымды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі реформалар іске асырылуда. Алайда реформалар мен өзгерістер осымен өз мәресіне жетті деп мүлдем айтуға болмайды. Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасады».

Жаңғыру үдерісі

Мемлекет басшысы саяси жаңғыру үдерісі бір жыл бұрын басталғанын айтты. Былтырғы Жолдауында бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтеріліп, ұсыныс қоғамда кеңінен талқыланды. Кейін бұл үдеріс конституциялық реформаға ұласты.

Президенттің айтуынша, 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды. Конституциялық реформадан кейін елдің заң шығарушы органы – Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтті. 28 тамызда бірінші шақырылымдағы Құрылтай депутаттары өз жұмысына кірісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Түптеп келгенде, бір жылдың ішінде ұлт тағдырына тікелей ықпал ететін аса маңызды оқиғалар болды. Біз аз ғана уақытта тұтас мемлекет пен бүкіл қоғамның сипатын өзгерткен аса ауқымды реформаларды сапалы жүзеге асырдық».

Қазақстан Халық Кеңесі

Қазақстан Халық Кеңесі – конституциялық мәртебесі бар жоғары консультативтік орган. Ол қоғамдық диалогті дамытуға бағытталған және заңнамалық бастама көтеру құқығына ие.

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысы Алматы сияқты халқы көп әрі қоғамдық өмірі белсенді мегаполис үшін де маңызды. Жаңа консультативтік орган арқылы алматылықтарды толғандыратын әлеуметтік, экономикалық және қалалық даму мәселелерін жалпыұлттық деңгейдегі қоғамдық диалог аясында көтеруге мүмкіндік бар. Бұл тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мемлекеттік шешімдерді талқылау үдерісіне енгізудің қосымша тетігі болмақ.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Тоқаев #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);