ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Астанада өткен ІІ эндоскопиялық форум: жоғары дәлд...

Астанада өткен ІІ эндоскопиялық форум: жоғары дәлдіктегі диагностикадан аз инвазивті операцияларға дейін

Алматы 17.05.2025, 13:54 637
Астанада өткен ІІ эндоскопиялық форум: жоғары дәлдіктегі диагностикадан аз инвазивті операцияларға дейін
сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде асқазан-ішек жолдарының онкологиялық ауруларын ерте диагностикалауға  арналған мамандандырылған сараптамалық эндоскопиялық орталықтар ашылды. Бұл туралы ҚР...

Бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде асқазан-ішек жолдарының онкологиялық ауруларын ерте диагностикалауға  арналған мамандандырылған сараптамалық эндоскопиялық орталықтар ашылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Астанада өткен II Орталық Азия эндоскопиялық форумында айтты.

«Ең бастысы – нақ осы орталықтарда клиникалық тәжірибе жинақталып, аз инвазивті диагностика мен емдеу әдістерінің дамуы  үшін күш-жігерді шоғырландыру және жоғары білікті мамандарды тарту болып табылады. Қазіргі таңда мұндай эндоскопиялық орталықтар еліміздің барлық дерлік өңірлерінде жұмыс істейді, – деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.

II Орталық Азия эндоскопиялық форумы Қазақ эндоскопиялық қоғамы мен Ұлттық ғылыми онкология орталығының ұйымдастыруымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтті, бұл шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Моңғолия, Үндістан және басқа елдерден 400-ге жуық қатысушы мен 40 шақты спикер жиналды.

Екі күн бойы сарапшылар диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылап, эндоскопиялық араласулар көрсетіп, онкология, гастроэнтерология, пульмонология және өзге де салалардағы үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Қонақтардың қатарында әлемдік деңгейдегі жетекші мамандар: Жапониядан өңештің заманауи эндоскопиялық хирургиясының негізін қалаушылардың бірі профессор Харухиро Иное; асқазан обырын ерте анықтау саласындағы сарапшы профессор Томохико Морияма; сондай-ақ Оңтүстік Кореядан профессор Чон Сон У және басқалар болды.

Форумның жұмысы кезінде жасанды интеллект жүйелері мен ерте кезеңдегі обырды диагностикалауға және аз инвазивті араласуларға арналған құрал-жабдықтар көрмесі өтті.

Қазақ эндоскопиялық қоғамының төрағасы, Ұлттық ғылыми онкология орталығының сараптамалық эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Қанат Батырбеков қазіргі таңда негізгі назар ашық хирургиялық араласусыз-ақ қатерсіз, шекаралық және ерте сатыдағы қатерлі ісіктерді алып тастауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық операцияларға аударылғанын айтты:

«Онкологияда эндоскопияның орны ерекше. Ол ісікті ерте анықтап қана қоймай, оны жұмсақ тәсілмен алып тастауға мүмкіндік береді. Біз қазіргі эндоскопияның диагностикадан бастап, жуырда мүмкін емес деп саналатын аз инвазивті емдеуге дейінгі барлық әлеуетін көрсетуге ұмтыламыз, – деді ол.

Форумның шеңберінде симуляциялық станцияларда тренингтер ұйымдастырылып, қатысушылар нақты уақытта POEM, ESD, ERCP сияқты күрделі араласуларды операциялық залдардан live-сессиялар кезінде бақылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.