AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Астанада көпірге шыққан ер адам 15 тәулікке қамалд...

Астанада көпірге шыққан ер адам 15 тәулікке қамалды

Барлығы 17.11.2025, 14:28 730
Астанада көпірге шыққан ер адам 15 тәулікке қамалды
видеодан алынды

Астанада мас күйінде көпірге шыққан ер адам 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қылмыстық емес құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам мас күйінде көпір конструкциясына шығып, қоғамдық тәртіпті бұзған және айналасындағыларға ашық түрде құрметсіздік көрсеткен. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, оқиға «Сарайшық» көпірінде болған.

Құқықбұзушылық фактісі полиция хаттамасымен, куәгердің айғақтарымен және оқиға орнындағы бейнежазбамен расталды.

Сот отырысында азамат Б. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Заңға сәйкес, бұл бап бойынша 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау көзделген.

Сот құқықбұзушылықтың сипатын, оның қоғамдық қауіптілігін, айыпталушының мінез-құлқын және өкінуін және мас күйде бол факторларды ескере отырып, ең жоғарғы жаза - 15 тәулік әкімшілік қамау тағайындады.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);