AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Астанада кілем көрмесі өтіп жатыр

Астанада кілем көрмесі өтіп жатыр

Көрме 28.12.2023, 05:04 4,600
Астанада кілем көрмесі өтіп жатыр
gov.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде «Уақыт құшағында» атты ауған қазақтарының кілем көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көрермен назарына кілем өндірісінде алдыңғы қатарлы қолөнер бұйымдарын дайындайтын «Nasim Nayman Qazaq Karpet» компаниясының кілемдері ұсынылған. Компания басшысы – Нәсим Найман кішкентайынан кілем тоқу ісімен айналысып, Ауғанстанда кілемді қолмен тоқу өнеркәсібінің дамуына септігін тигізді.



«Халқымыздың қолөнерін дамытуға бағытталған шаралар үшін Ұлттық музейдің есігі әрқашанда ашық екенін айтып өткім келеді. Оның бір мысалы ретінде биылғы жылы Ұлттық музейде ашылған «Қолөнершілер орталығын» атап өтуге болады. Бүгінгі орын алып отырған көрме де осының дәлелі. Бұл көрменің ерекшелігі – сонау Ауғанстан жеріндегі өзіміздің бауырларымыз тоқыған кілемдердің халық назарына ұсынылуы. Олар осы өнерді керемет дамытып қана қоймай, оны әлемдік деңгейде насихаттап жүргеніне көз жеткіздік», - деді ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы Саялбек Ғизатов.


Көрмеге 2023 жылы тоқылған және түрлі композициялық сюжеттерді ұсынатын 60-қа жуық кілем қойылды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #кілем #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);