AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Астанада кейбір мекемелер үшін жұмыс уақыты өзгерд...

Астанада кейбір мекемелер үшін жұмыс уақыты өзгерді

Алматы 15.09.2025, 11:25 864 Дина
Астанада кейбір мекемелер үшін жұмыс уақыты өзгерді
сурет: pixabay.com

Астанада бүгіннен бастап бірқатар ұйымдар жаңа жұмыс кестесімен жұмыс істей бастады. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл қадам жолдағы көлік кептелісін азайту үшін қолға алынған,- деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Жаңа тәртіп қала орталығындағы мемлекеттік және жартылай мемлекеттік мекемелерге қатысты. Енді қалалық коммуналдық қызметтер мен әкімдік қызметкерлері жұмыс күнін таңғы 7:30-да бастайды. Кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар да жұмысқа 7:30-8:00 аралығында кіріседі. Тиісінше, жұмыс уақытының аяқталуы да ертерек болады.

Әкімдік атап өткендей, бұл өзгеріс жеке секторға, бизнес нысандарына, мектептер мен балабақшаларға, ауруханалар мен емханаларға, ХҚКО-лар мен өзге де әлеуметтік мекемелерге қатысты емес. Кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдар бұрынғыдай таңғы 8:00-де жұмысын бастайды.

Айта кетсек, Астанада жұмыс кестесін ертерекке ауыстыру туралы мәселе биыл наурызда көтерілген. Маусымда қала әкімі Жеңіс Қасымбек бұл ұсыныс мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтер үшін қарастырылып жатқанын айтқан. Ал мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин орталық билік органдары мен ұлттық компаниялардың жұмыс уақытын 07:00 немесе 08:00-ге ауыстыруды ұсынған еді.

31 тамызда әкімдік жұмыс кестесінің ресми түрде өзгергенін жариялады. Жергілікті билік бұл шешім көлік ағынын реттеп, магистральдардағы жүктемені азайтуға көмектеседі деп күтіп отыр. 

 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Елорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);