ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Астанада блогер Жанабіловке қатысты іс қылмыстық т...

Астанада блогер Жанабіловке қатысты іс қылмыстық тергеуге жіберілді

Заң мен тəртіп 15.09.2025, 17:57 587
Астанада блогер Жанабіловке қатысты іс қылмыстық тергеуге жіберілді
сурет: видео кадры
Блогер Ерболат Жанабілов пен оның жары Эльмира Төлегеноваға қатысты іс Астанадағы экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Сот олардың әрекеттерінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін...

Блогер Ерболат Жанабілов пен оның жары Эльмира Төлегеноваға қатысты іс Астанадағы экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Сот олардың әрекеттерінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін анықтады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында блогерлерге қатысты іс қаралған болатын. Бүгін сот әкімшілік іс жүргізуді тоқтату және материалдарды қылмыстық іс ретінде тергеуге беру туралы қаулы шығарды.

"Жеке кәсіпкер “Элер” атынан Жанабілов Ерболат Нұрлыбекұлына қатысты істің материалдары Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданады", - деп жариялады судья Ақерке Бектұрғанова.

Дәл осындай шешім блогердің жұбайы, Эльмира Төлегеноваға қатысты да қабылданды. Оның ісі Қаржылық мониторинг агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жіберілді.

Не жағдай болды?

Бүгін блогер Ерболат Жанабіловтың жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сот отырысы өтті. Ол лицензиясы жоқ тұлға ретінде заңсыз лотерея ұйымдастырды деген айыппен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сотта Құмар ойындар мен лотереяны реттеу комитетінің өкілдері блогерлердің ұйымдастырған ұтыстарын "жай ғана бүркемеленген лотерея" деп атады. Комитет өкілі Абдәл Балтатегі істі әкімшілік емес, қылмыстық іс ретінде қайта саралауды ұсынды.

Олар кімдер?

Ерболат Жанабілов пен Эльмира Төлегенова - Қазақстандағы ең танымал блогерлердің бірі. Ерболаттың Instagram парақшасында 8,4 миллион, ал Эльмираның парақшасына 7,1 миллион адам жазылған. Олардың жазбалары үнемі миллиондаған қаралым жинап, ұйымдастыратын ұтыс ойындары жиі вирустық сипатқа ие болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.