AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимп...

Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Білім және ғылым 02.03.2026, 19:12 498
Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Сурет: "Қазақ тілі" қоғамы

Астанадағы Nurorda лицейінде «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды.

Биыл олимпиада екінші рет ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі «Қазақ тілі» қоғамына сілтеме жасап.

Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, депутаттар, тіл жанашырлары, сондай-ақ қазақ тілін қолдап жүрген кәсіпкерлер қатысты.

Іріктеу кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 9–11-сыныптың 2000-нан астам оқушысы қатысты. Үздік нәтиже көрсеткен 64 команда (192 оқушы) республикалық кезеңге жолдама алды. Финалда қатысушылар «Пікірсайыс», «Тілшілер» және «Білімпаздар» бағыттары бойынша бақ сынады.

Олимпиаданың бас жүлдесін Түркістан облысынан келген «Үшарыс» командасы иеленді. Сондай-ақ 11-сыныптың 14 оқушысына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының білім гранттары табысталды. Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 5 грант, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 5 грант, SDU университеті – 2 грант, Narxoz университеті – 1 грант және Coventry University Kazakhstan – 1 грант бөлді.

Бұдан бөлек, командалар «Үздіктер», «Озаттар», «Мықтылар» және «Белсенділер» аталымдары бойынша марапатталды.

Қазылар алқасының құрамына филолог-ғалымдар, «Білім-Инновация» лицейлерінің мамандары, тәжірибелі әдіскерлер мен белгілі қаламгерлер кірді.

«Ана тілі» олимпиадасының басты мақсаты – қазақ тілін жастар арасында кеңінен насихаттау, оны ғылым мен білімнің тілі ретінде дамыту, сондай-ақ оқушылардың оқу сауаттылығы мен жазу мәдениетін арттыру. Осы бағытта Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп, тіл жанашырларын біріктіретін кәсіби алаңдар ұйымдастырып келеді.

«Біздің басты мақсатымыз – сөзге, әдебиетке, тілге қызығушылығы бар дарынды оқушылардың жолын ашып, оларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну. Сонымен қатар оқушылар арасында қазақ тілі пәнінің тартымдылығын арттырып, оның зияткерлік әлеуетін көрсетуге мән бердік. Бұл олимпиада жастардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыратынына сенімдіміз», – дейді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы.

Жоба қазақ тілін терең меңгеруге ынталандырып, оны жастар арасында беделді зияткерлік құндылық ретінде орнықтыруды көздейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада алдағы жылдары дәстүрлі түрде жалғасады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ана тілі #зияткерлік олимпиада #жеңімпаздар #марапаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);