ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Астанада Абай университетінің Білім беру институты...

Астанада Абай университетінің Білім беру институты ашылды

Білім және ғылым 17.10.2025, 21:05 575
Астанада Абай университетінің Білім беру институты ашылды
Абай атындағы ҚазҰПУ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамытуға бағытталған стратегиялық тапсырмасы бойынша, еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамытуға бағытталған стратегиялық тапсырмасы бойынша, еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Астана қаласында Білім беру институтының тұсауы кесілді. Оған ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп және оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты. Абай университеті Білім беру институтының ашылуы Астана қаласы мен солтүстік өңірдегі педагогикалық кадр тапшылығын жоюға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

Қазіргі таңда республика бойынша 70 мыңнан аса гуманитарлық, бастауыш, жаратылыстану және математика пәндерінің мұғалімдері қажет. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2025-2035 жылдар аралығында білім саласына маман қажеттілігі 447 мыңға дейін артады деп күтілуде. Осы қажеттілікті ескере отырып, Елордада Қазақстан және Орталық Азиядағы көшбасшы педагогикалық оқу орыны – Абай университетініңБілім беру институты білім алушыларға есігін айқара ашты. Мақсаты – Астана қаласы мен солтүстік өңірдің білім ошақтарына заманауи білікті де сапалы мамандар даярлап, сұранысты қанағаттандыру.

Білім беру институтының тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Ізбасарқызы:

– Бұл Білім беру институтының ашылуы Президент тапсырмасы бойынша жүзеге асып отыр. Былтыр Абай атындағы ҚазҰПУ және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ концорциумы негізіндежұмысты бастағаны белгілі. Биыл Абай университетінің сол институты жеке өз алдына шаңырақ көтерді. Оған ғимарат бөліп, жағдай жасаған Астана қаласының әкіміне және басы-қасында болған Абай университетінің басшылығына зор алғысымды білдіремін, – деді.

Тұлға ғана емес, Тұлға тәрбиелейтін Ұстаз қалыптастыруды басты миссиясы етіп алған Абай университетінің Білім беру институты қазіргі заманғы озық технологиялармен жабдықталған.Білім ошағында 9 білім беру бағдарламасы бойынша 400-ден астам студент оқиды. Олардың 288-і мемлекеттік грант негізінде оқыса, 133-і Астана қаласы әкімінің гранты. Оқу бағыттары арасында ақпараттық, математика, жаратылыстану, психология және аса сұранысқа ие арнайы педагогикалық мамандықтар: дефектология, логопедия, тифлопедагогика, сурдопедагогика, т.б. бар. Оқытушы-профессорлар құрамында 3 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты және 2 PhD дәрежесіне ие ғалым, жалпы саны 31 тәжірибелі маман қызмет атқаруда.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп жаңа ғимаратқа кіріп, қуаныштары қойнына сыймай тұрған студент жастарға:

– Сіздер Президенттің тікелей тапсырмасымен дайындалып жатқан кадр болғандықтан, ертеңгі мемлекет болашағына қызмет ететін сапалы маман болуларыңыз керек, – деген ақжарма тілегін жеткізді.

Қазірде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Астана қаласы әкімдігі өзара тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Екіжақты қол қойылған меморандумға сәйкес, университет студенттері жыл сайын Астана мектептерінде тәжірибеден өтеді. Былтыр 200-ден астам шәкірт теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды. Болашақта осы педагогикалық мамандар Астана мен солтүстік өңірдегі кадр тапшылығы сұранысына толықтай жауап деген үміт басым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.