ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / "Astana Rich Village" ісі: Маңғыстауда үлескер үйд...

"Astana Rich Village" ісі: Маңғыстауда үлескер үйден де, қаржыдан да қағылды

Заң мен тəртіп 03.12.2025, 11:00 327
"Astana Rich Village" ісі: Маңғыстауда үлескер үйден де, қаржыдан да қағылды
Видео кадры
ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Өзен көлік құрастыру зауыты" ЖШС басшылығына қатысты үлескерлік құрылыс ретінде азаматтардың қаржысын заңсыз тарту дерегі бойынша жүргізілген тергеуді...

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Өзен көлік құрастыру зауыты" ЖШС басшылығына қатысты үлескерлік құрылыс ретінде азаматтардың қаржысын заңсыз тарту дерегі бойынша жүргізілген тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Екі жыл бойы компания басшылығы Жаңаөзен қаласында "Astana Rich Village" тұрғын үй кешенін қажет рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз салғаны анықталды.

Тұрғындардың қаржысын тарту үшін түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жалған жарнамалар жарияланған. Соның нәтижесінде 23 азаматпен алдын ала сатып алу-сату туралы жалған келісімшарттар жасалған.

Заңсыз тартылған қаражат көлемі 303 миллион теңгеден асты.

Тергеу мәліметінше, жиналған ақша құрылыс материалдарын алуға жұмсалғандай көрсетіліп, кейін кәсіпорын кассасынан қолма-қол ақшаға айналдырылып, шын мәнінде жеке қажеттіліктерге бағытталған. Ал тұрғын үй құрылысы аяқталмай қалған.

Үлескерлердің мүддесін қорғау мақсатында сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке - тұрғын үй, пәтер, екі автокөлік және үш жер учаскесіне тыйым салынды.

Күдіктілердің бірі қамауға алынса, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылған.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жарияланбайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.