AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Астана Опера» театрының режиссері халықаралық бай...

«Астана Опера» театрының режиссері халықаралық байқауда жүлделі болды

Мәдениет 31.05.2022, 10:10 1,575
«Астана Опера» театрының режиссері халықаралық байқауда жүлделі болды

Елордалық «Астана Опера» театрының қоржыны тағы бір беделді марапатпен толықты.


Театр режиссері Еренбақ Тойкенов Мәскеуде өткен халықаралық «Нано-Опера» байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Белді сайыста жас маман қазыларға кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін және шыңдалған шеберлігін ғана емес, сондай-ақ отандық операның режиссура саласында бәсекеге қабілетті екенін де шебер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстандық қатысушының таланты басқа номинацияларда да аталғанын айта кеткен жөн. Нақтыласақ, көрермендер көзайымы мен «Опералық режиссура өнеріне жасампаз көзқарасы үшін» сыйлығын алды. Байқау үш кезеңнен тұрды. Біріншісінде олар ариямен, екіншісінде дуэтпен, үшіншісінде жаппай сахнамен жұмыс істеді. Қазылар алқасының назарына Еренбақ Тойкенов ДжАкомо Пуччинидің «Турандот», Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштараз» және Жорж Бизенің «Кармен» операларының интерпретациясын ұсынды.



"Бұл өз алдына үлкен бір тест, емтихан десек болады. Біріншіден, режиссер үшін трамплин. Осындай байқаулардан кейін ұсыныстар келіп түседі. Қазірдің өзінде мен басқа театрлардың ұсыныстарын естіп жатырмын. Бірақ тек нақтыланған соң барып сіздермен бөлісемін. Бұл жерде ең маңыздысы дұрыс сөздерді таңдау. Себебі уақыт шектеулі, тек 10 минут беріледі, ал жаппай сахнаға - 15 минут. Ең қиыны да осы, осы уақыт ішінде барлығына үлгеру. Ал қазыларға келер болсақ, олар - өте танымал режиссерлер, көркемдік жетекшілер, барлығы дерлік халық әртістері. Бір сөзбен өз саласының майталмандары", - дейді «Астана Опера» театрының режиссері Еренбақ Тойкенов.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);