AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Астана Опера» театрының балет труппасы алматылықт...

«Астана Опера» театрының балет труппасы алматылықтарға өнер көрсетті

Мәдениет 13.10.2021, 12:23 1,530
«Астана Опера» театрының балет труппасы алматылықтарға өнер көрсетті
Сурет: Astana.zagranitsa.com

Балет бишілері классика мен заманауи биден көрермендерге өнерлерін паш етті


«Астана Опера» театрының балет труппасы Абай атындағы Қазақ ҰАОБТ сахнасында Алтынай Асылмұратованың авторлық бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Almate-akshamy.kz


Алматылық талғампаз көрермен алғашқы күні «Дон Кихот» балетінен Сыған биін, Steppe Sons «Қорқыт» мәнерлі шығармасын, сондай-ақ ұлттық тақырыпқа арналған Ринат Гайсиннің музыкасына жазылған «Дала үні» балетін тамашалады.


Ал концерттің екінші бөлімінде елордалық әртістер Раймондо Ребектің хореографиясындағы «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» атты бір бөлімді балетін орындады. Осылайша алматылық өнерсүйер қауым ескірмейтін классика мен жарқын заманауи хореография нөмірлерін бағалай алды.


«Алматы қаласының көрермендерін қатты жақсы көреміз, өте өнерсүйер қауым. Өнерді бағалай білетін, деңгейін ажырата білетін халық болғандықтан жаңалықтарымызбен бөлісейік, театрымыздың деңгейін көрсетейік деп осы жаққа келіп тұрған жайымыз бар. Дайындық жұмыстары керемет өтті. Біз бұл қаланың көрермендерін қатты сыйлаймыз. Нұр-Сұлтан қаласында елордалық көрермендерімізге бұл қойылымды екі рет көрсеттік. Дұрыс емес жерлерін тазалап, түзеп осы жаққа жоғарғы деңгейде әкелуге 2 аптадай уақыт кетті», - дейді «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бахтияр Адамжан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Астана опера #балет #театр #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);