ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Астана күніне орай Алматының Жетісу ауданында зама...

Астана күніне орай Алматының Жетісу ауданында заманауи емхана ашылады

Әлеумет 01.07.2024, 16:02 707
Астана күніне орай Алматының Жетісу ауданында заманауи емхана ашылады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгінде «Саяхат» автовокзалы мен «Құлагер» шағын ауданындағы емханалар жаңғыртылып, пайдалануға берілгелі жатыр. Жұмысшылар кентінде №33 емхана сақадай-сай дайын, ол Астана күніне орай ашылады,...

Бүгінде «Саяхат» автовокзалы мен «Құлагер» шағын ауданындағы емханалар жаңғыртылып, пайдалануға берілгелі жатыр. Жұмысшылар кентінде №33 емхана сақадай-сай дайын, ол Астана күніне орай ашылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Жетісу ауданы әкімдігінің хабарлауынша, бірнеше жыл бұрын ауданда үш емхана ғана болған. Медициналық қызметке қолжетімділік қиындағасын жергілікті тұрғындар көршілес Түрксіб, Алмалы және Медеу аудандарына қаралуға мәжбүр еді. Жетісу ауданында емхана салуға жер телімінің жоқтығы жағдайды қиындатты. Мәселені шешу үшін медициналық мекемеге жарамды ғимарат іздеу басталды. Аудан әкімі Гүлнәр Көкебаева мәселенің заңды жағын қолға алып, бірте-бірте емханаға жарамды үш ғимарат сатып алынды.

Сонымен қатар, Кемел шағын ауданында ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынды, ол қазір аталған шағын аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, №11 емханада күрделі жөндеу жүргізілді және КТ мен МРТ қызметі бар өзінің диагностикалық орталығын ашты.

Осылайша, Жетісу ауданының халқы медициналық қызметтің қолжетімділігімен толық қамтамасыз етіледі.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада пациенттер мен дәрігерлер үшін заманауи, жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

Айта кетейік, Жетісу ауданының әкімі лауазымына Гүлнар Көкебаева 2020 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.