AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Ассамблея жастары референдумды қолдайды

Ассамблея жастары референдумды қолдайды

Референдум - 2022 20.05.2022, 09:57 1,063 Олжас ЖОЛДЫБАЙ
Ассамблея жастары референдумды қолдайды
Суретті түсірген: Қ.Қонысбаев

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Георгий Константинович, Нурия Ниязова, Расул Ахметов және  осы жоғары оқу орнының  ұстаздары мен  студенттері, қоғам белсенділері бас қосты.  


Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан Жаңа Қазақстанның берік құқықтық іргесін қалауға бағытталған Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейтін жалпыхалықтық референдумның  маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.


Референдумның маңызы, қажеттілігі жөнінде Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, грек этно-мәдениетінің Алматы қаласындағы жетекшісі  Георгий Константинович мәлімдеді.



«Біз осындай форматта кездесіп, жастармен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз. Конституция ең маңызды құжат. Біздің қолданыстағы  Ата-Заңымыз 1995 жылы қабылданды, содан бері қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бірақ оларда бүкілхалықтық мүдде қамтылмаған еді. Міне, биылғы референдум  сол оқылықтардың орнын толтырып, Конституциямызда халықтың мүддесі ескерілмек.  Президентіміздің  «халық болып ақылдасайық, бірге отырып бірлесе шешейік, өзгерістер енгізейік» деген бастамасы құптарлық. Құқықтық  дамыған елде ғұмыр кешуді бәріміз қалаймыз.  Сондықтан, ортақ іске жұмылайық, бір  кісідей атсалысайық»,-деді спикер.  



 Референдумның қоғам өміріне үлкен өзгерістер әкелері анық. Бұл  жөнінде жиынға қатысушылар арасында қызу пікірталас өрбіді, жастар  осынау жалпыхалықтық шараның маңыздылығын атап өтіп, референдумды қоғамды демократиялық ілгерілеуге бағыттайтынына сенімді.



«Бұл өмірдің заңдылығы. Әсіресе мемлекетімізді дамытушы күш  – жастар. Сондықтан, біз елде болып жатқан өзгерістерден шет қалмауымыз керек. Бұл патриотизмнің үлкен белгісі деп білеміз. Баршамыз 5 маусымдағы референдумға қатысып, таңлауымызды жасаймыз», – деді ҚХА мүшесі Нурия Ниязова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #университет #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);