ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Аспириннен қандай қауіп бар?

Аспириннен қандай қауіп бар?

Керек кеңес 01.02.2024, 05:19 2,166
Аспириннен қандай қауіп бар?
Сурет: Naked-science.ru
Бас ауыра қалса, бәріміз жатқа білетін дәрі - ол аспирин. Аспиринді дәрігердің нұсқауынсыз өз беттерінше қолданатын адамдар жеткілікті. Тіпті дәріханадан оның бірнеше орамасын бірақ алып қойып...

Бас ауыра қалса, бәріміз жатқа білетін дәрі - ол аспирин. Аспиринді дәрігердің нұсқауынсыз өз беттерінше қолданатын адамдар жеткілікті. Тіпті дәріханадан оның бірнеше орамасын бірақ алып қойып жатамыз. Бірақ бұлай жасау дәрігерлердің  сөзінше бекер екен. Себебі кез келген дәріні тұтынбас бұрын маманмен кеңесу керек. 


Ресейлік кардиолог Закиев аспиринді қабылдау инсультқа әкеліп, соңы қан кетуге әкелуі мүмкін екенін айтады.


Аспиринді ешбір негізсіз қабылдау ауыр зардаптарға, соның ішінде қан кету инсультіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы РГСУ медицина факультетінің фармакология және клиникалық фармакология кафедрасының оқытушысы, кардиолог Вадим Закиев мәлімдеді.


Ол аспирин пациенттерге қайталанатын ишемиялық инфаркт пен инсульттан сақтау үшін тағайындалатынын түсіндірді. Дәрілік препаратты ашық жаралар мен қан кету кезінде қолдануға болмайды.


Сондай-ақ, препаратты дене көгеріп, мұрыннан қан кеткен кезде де қабылдауға кеңес берілмейді. Алайда, дәрігердің айтуынша, бұл жағдайда олардың маңыздылығын бағалау қажет.


Аспиринді миокард инфарктісі, ишемиялық инсульт, айқын атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы және жүрек жұмысына байланысты басқа ақаулар кезінде жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар қолданады. Препаратты тек дәрігер тағайындай алады, ол сонымен қатар, дәрінің пайдасы мен одан болуы мүмкін қауіптің тепе-теңдігін қалай есептегенін түсіндіруі керек. Олай болмаған жағдайда, дәрігердің біліктілігінің төмен екенін көрсетеді, деп атап өтті Закиев.


Көптеген адамдар аспиринді жылдар бойы қолданып келеді, бірақ одан болатын жағымсыз әсері де көп, соның ішінде: қыжыл, асқазан ауруы, асқазан жарасы және ішкі қан кетулер. Закиев атап өткендей, оның тәжірибесінде аспириннің негізсіз тағайындалуынан зардап шеккен науқас болғанын айтты. Салдарынан науқастың миына қан кеткен (геморрагиялық инсульт). Дәрігердің өзі аспиринді ұзақ уақыт қабылдамағанын айтты.


Закиев әріптестеріне жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін статиндерді тағайындауды ұсынды. Олар «жаман холестеринді» және миокард инфарктісі мен инсульт қаупін азайтады. Бұл жағдайда олардың жанама әсерлері аз болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.