AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Әскери теңізшілер оқу-жаттығу барысында диверсиялы...

Әскери теңізшілер оқу-жаттығу барысында диверсиялық шабуылға тойтарыс берді

Оқиға 16.04.2022, 14:02 1,283 Almaty-akshamy
Әскери теңізшілер оқу-жаттығу барысында диверсиялық шабуылға тойтарыс берді
Cурет: Қорғаныс министрлігі

Маневрлер барысында экипаждардың дайындық деңгейі жетілдірілді


«Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы шеңберінде Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері корабльдерді диверсиядан қорғау, теңіз миналарын залалсыздандыру және кемелерді тексеру сияқты оқу-жауынгерлік тапсырмаларын пысықтады.  Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Каспий теңізінің акваторийында өткен маневрлердің соңғы кезеңінде Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының корабльдері жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізді. Әскери қызметшілер жауынгерлік қолдану ауданында АК-306 автоматты корабльдік артиллериялық қондырғыларынан және «Утес» НСВ ірі калибрлі пулеметтерінен су үстіндегі және әуедегі нысаналарға, имитацияланған қарсыластың диверсиялық топтарының жүзу құралдарына және ұшқышсыз ұшу аппараттарына іс жүзінде оқ атуды орындады. 


Әскери теңізшілер Шекара қызметінің бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңсыз қаруланған құралымның кемелерін басып алып, оларды тексерді. «Алатау» мина-тральды кораблінің экипажы диверсанттармен орнатылған зәкірлік және түптік миналарды залалсыздандыруға арналған іс-қимылдарын орындады. 


Бұнымен қоса апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету кезінде экипаждарды құтқару іс-қимылдарына ерекше назар аударылды. 



«Маневрлер барысында экипаждардың дайындық деңгейі жетілдіріліп, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде олардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі пысықталады. Оқу-жаттығу Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне берілген тапсырмаларды орындауға және теңізде мемлекеттік мүдделерді қорғауға дайын екендігін көрсетті», - деп атап өтті Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов. 



«Батыл тойтарыс – 2022» ведомствоаралық стратегиялық командалық – штабтық оқу-жаттығуы Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өткізіліп отырғанын атап өткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теңіз #Әскери #Шабуыл #оқу-жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);