AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскери-тарихи мұражайында «Соғыстағы әйелдер» көрм...

Әскери-тарихи мұражайында «Соғыстағы әйелдер» көрмесі ашылды

Әлеумет 08.03.2022, 07:40 1,686
Әскери-тарихи мұражайында «Соғыстағы әйелдер» көрмесі ашылды
Cурет: Қорғаныс министрлігі

Қазақ қыздары Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерліктің ерен үлгісін көрсеткен


Аталған экспозиция Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылу үстінде. Оның негізгі мақсаты – сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен қазақстандық арулар туралы сыр шерту, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақ даласы ерлермен қатар туған жерді қасық қаны қалғанша қорғап, батырлық танытқан нәзік жандыларға кенде емес. 


Қазақ қыздары Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерліктің ерен үлгісін көрсеткен. Мәселен, Аққағаз Досжанова мейірбике ретінде майданға жіберілді, жараланғандарға көмек көрсетті, госпитальдарда жұмыс істеді. 



Азамат соғысы жылдары ағартушы Алма Оразбаева қазақ жауынгерлерінен құралған эскадронның комиссары болған. 


Ұлы Отан соғысында майдан даласында мерген Әлия Молдағұлова, пулеметші Мәншүк Мәметова, ұшқыш Хиуаз Доспанова жаумен шайқасып, жеңісті жақындатты.   


Күміс көмей әнші Роза Бағланова бұлбұл даусымен майдандағы, ауруханалардағы және тылдағы жауынгерлерді рухтандырды. Қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі – Күләш Байсейітова концерттік топтың құрамында бірнеше рет майданда өнер көрсеткен. 



Көрмедегі жәдігерлер соғыстар мен қарулы қақтығыстарға қатысқан басқа да көптеген қазақ әйелдеріне арналған. 


Көрмеге келушілер үшін Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің және әскери оркестрдің орындауында соғыс жылдарындағы әндер мен әуендер шырқалу үстінде. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#8 наурыз #музей #Соғыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);