Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскери қызметші Қабанбай батырдың мүсінін сомдады

Әскери қызметші Қабанбай батырдың мүсінін сомдады

Әлеумет 14.01.2024, 07:34 1,130
Әскери қызметші Қабанбай батырдың мүсінін сомдады
gov.kz

Бірер күн бұрын Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшісі капитан Рай Оразбеков жасаған қазақтың атақты қолбасшысы Қабанбай батырдың бюсті Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасына тапсырылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz   


Рай Оразбеков – Өскемен гарнизонындағы оқу-жаттығу полигонының бастығы. Ол бос уақытында шығармашылықпен айналысады.  


Рай Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. Суретшінің таланты мектеп жылдарында оянды. Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты болып жүріп те Рай мүсін жасауды тастаған жоқ.   


2019 жылы Рай Оразбеков Гвардейск гарнизонынан Өскемен қаласының 27943 әскери бөліміне ауысты. Жаңа қызмет орнында басшылық есімі әскери бөлімге берілген қазақ батыры Қасым Қайсеновтің бюстін жасауды ұсынды. 



– Бұл менің өмірімдегі ең қызықты әрі жауапты сәттердің бірі болды. Бір апта ішінде Қасым Қайсеновтың екі мүсінін сомдап шықтым. Әдетте мұндай жұмысқа бір-екі ай уақыт кетеді, – деді Рай Оразбеков. 



Ұлы Отан соғысы батырының бір мүсіні гарнизондағы даңқты жауынгер атындағы мұражайға, ал екіншісі әскери бөлімнің кіреберісіндегі аллеяға қойылды.  


Автордың «Әскери қызметшілердің отбасы» деген тағы бір мүсіндік композициясы Өскемен қаласындағы әскери қалашық саябағында орнатылған. Мұнда серуендеуге келетіндер үшін бұл жер отбасылық естелік фотосуреттер түсіруге көрік беріп тұр.  


Рай Оразбеков үшін шығармашылық – аңызға айналған тұлғаларға деген көзқарасын ерекше тәсілмен беру мүмкіндігі. Әскери қызметке жүрек қалауымен келген ол үшін Отан қорғау жолындағы миссия өзі сомдап жүрген батырлар бейнесінен көрініс тапқандай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қабанбай #Баыржан #Қасым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Тосын чемпион". Америкалық телеарна Шайдоровтың жеңісін ерекше атап өтті

Бүгін 10:06

Ресейде коронавирустың жаңа түрі шықты: Қазақстанға қандай қауіп бар?

Бүгін 09:45

Ақмола облысында бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған азамат ұсталды

Бүгін 09:27

Референдум-2026: Алматыда дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады

Бүгін 09:15

Ауа райы күрт суыды: Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға көшті

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі