конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскери полицияның өкілеттігі кеңейтілмек

Әскери полицияның өкілеттігі кеңейтілмек

Әлеумет 25.01.2022, 11:08 1,276
Әскери полицияның өкілеттігі кеңейтілмек
egemen.kz

Парламент Мәжілісінде «Әскери полиция органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің айтуынша, «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасы Қарулы Күштердегі құқық тәртібін нығайтуға бағытталған фунцияларды бекіту, әскери полиция органдары қызметінің міндеттері мен өкілеттіктерін кеңейтуге негізделген.



«Әскерилердің жарақат алуы мен өлімі жағдайларына жол бермеу және алдын алу мақсатында әскери қызмет пен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажеттігі туындады. Осыған байланысты заң жобасында әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін ведомстволық қадағалау функциясын бекіту қарастырылып отыр», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.



Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Қарулы Күштердің әскери полициясы орындайтын бірқатар функциялар мен міндеттер заңнамалық деңгейде регламенттелмеген.


Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік саласында міндеттерді тиімді орындау мақсатында әскери полиция органдары әскерилерінің құқықтарын кеңейту ұсынылып отыр. Осы орайда оларға әскери бөлімшелер мен мекемелерде әскерилер мен азаматтық персонал тұлғаларының жеке басын куәландыратын құжаттарға тексеру жүргізу, әскердің қатысуымен өтетін бұқаралық іс-шаралар орнына кіреберісте адамдардың заттарын, көліктерін және өткізетін жүктерін тексеру, қызметтік міндетін орындау кезінде бейнежазба техникалық құралдарын (видеотіркегіш пенвидеожетон) пайдалану құқы берілмек.


Мұнымен қоса, бейбітшілікті қолдау бойынша халықаралық миссияларда, оның ішінде БҰҰ миссияларына әскери полиция өкілдерінің қатысуын реттеу мақсатында заң жобасында тиісті түзету ескерілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әскери #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ашықтық пен сенім: Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлаудың ашықтығын қандай тетіктер қамтамасыз етеді

Бүгін 17:19

“Lotus Fest-2026”: 94 адам Run марафонына қатысты

Бүгін 17:12

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);