AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / АШМ инспекторлары шетелдік экспортерлерге 92 млн т...

АШМ инспекторлары шетелдік экспортерлерге 92 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды

Экономика 27.07.2021, 14:23 1,668
АШМ инспекторлары шетелдік экспортерлерге 92 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды
Сурет: Almaty.tv

Фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында өсімдіктер карантині саласында 1 723 бұзушылық анықталды.


Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары заңды бұзған экспортерларға айыппұл салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мамандардың айтуынша, экспортерлар көп жағдайда өнімді фитосанитариялық сертификатсыз алып жүрген. Сонымен қатар, қаптамаларында таңбалау болмайды, фитосанитарлық сертификат талаптарына сәйкес келмейді  және фитосанитарлық талаптар бұзылған.



«150 жағдайда карантиндік объектілер анықталған. 403 жағдайда карантинге жатқызылған өнім экспорттаушы елге қайтарылды, тағы 8 жойылды. Сонымен қатар, 1 406 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 92 401 241,0 теңге көлемінде айыппұл салынды. Әзірбайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты Комитет тарапынан Әзірбайжан аумағынан қызанақ жемістерін әкелуге шектеу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізілді», – делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Заңнамаларды басшылыққа ала отырып және Әзірбайжан Республикасының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінен келіп түскен карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің алдын алу бойынша қабылданған және қабылданатын шаралар туралы ақпараты назарға алынып, 2021 жылғы 21 қаңтардан бастап осы шектеу алынып тасталды.         


Сондай-ақ, жыл басынан бері Түркменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің фитосанитариялық сертификаттарының сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізілетін қызанақтарға карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде «қоңыр әжім» вирусының (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) 19 дерегі анықталған.         


Карантиндік объектілердің жүйелі түрде анықталуына және ЕАЭО бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарының бұзылуына байланысты, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 2021 жылдың 7-маусымынан бастап Түркменстан аумағынан қызанақ пен бұрыш өнімдерін әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #Қазақстан #эспортер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);