AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Асанәлі Әшімов: ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді...

Асанәлі Әшімов: ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн

Жолдау 2023 01.09.2021, 16:17 1,232
Асанәлі Әшімов: ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн
Сурет: Almaty-akshamy

Кәсіби дағдыны қалыптастырудың бір жолы осы.


Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектің 1 күні Қазақстан халқына жасаған Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеті көп болғанын қалаймын. ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Кәсіби дағдыны қалыптастырудың бір жолы осы.Қатаң тәртіп,  жоғары жауапкершілік әрбір еңбеккердің бойында болсын.Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мем­­ле­­кет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз. Осы межелер жүзеге асуы үшін халықтың әл-ауқатын да ұмытпаған дұрыс. Ең төменгі жалақы 2018 жылдан бастап өспеді.Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында нақтылап айтты», – дейді Асанәлі Әшімов.



Жолдау барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жақалы мөлшері өсетінін айтқан болатын. Сонымен қатар 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өсетінін айтқан болатын.  



«Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше. Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адамдарға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге отырғызған. Біз қанымызға сіңген осы қасиеттен айырылмауымыз қажет. Қазір ғаламтор дәуірі. Ондағы бейберекет ақпарат ұрпақтың санасын улап жатыр. Бір сәттік танымалдықты көрсететін тамырсыз идеялар жаппай белең алуда. Дәл осы кезеңде ұлт зиялыларының ұстанымы және белсенділігі айрықша маңызды. Зиялылардың еңбегі марапатымен емес, салиқалы сөзімен және нақты ісімен бағаланады.» - деді Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында.



Асанәлі Әшімовтың пікірінше, бұл өте орынды, жүйелі айтылған .



«Осы талап үдесінен шығу  жасымыз бен кәріміздің, қысқасы бәріміздің міндетіміз...», деді Асанәлі Әшімов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #жолдау #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);