конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «АрселорМиттал Теміртаудағы» адам өлімін цифрланды...

«АрселорМиттал Теміртаудағы» адам өлімін цифрландыру арқылы азайтуға болады - министр

Әлеумет 09.07.2022, 06:19 1,336
«АрселорМиттал Теміртаудағы» адам өлімін цифрландыру арқылы азайтуға болады - министр
Сурет: Inform.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «АрселорМиттал Теміртау» компаниясындағы апаттарды азайту жолдарын ақпараттық технологиядан іздеу керектігін айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Бүгін Премьер-Министрмен бірге Қарағанды облысында іс-сапармен болдым. IT-нарығын дамыту, байланыс сапасын жақсарту, өнеркәсіп секторында цифрлық трансформациялауды қолдану процестері туралы ақпаратпен бөлістім. Атап айтқанда, «АрселорМитталдағы» өндірістік нысандарды аралай отырып, Әлихан Асханұлына өндірістік процестерді цифрландыруға және кәсіпорындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ете алатын 5G технологиясының мүмкіндіктері туралы баяндадым» деп жазды министр Facebook парақшасында.



Оның айтуынша, Үкімет басшысы «АрселорМиттал» кәсіпорнына 5G желілері негізінде үздік тәжірибелерді қолдана отырып, жедел түрде цифрландыру жұмыстарын жүргізуге нақты тапсырма берген.



«Мысалы, «ақылды каскалар» жүйесін енгізу арқылы шахталардағы жұмысшылардың орналасқан жерін анықтауға болады, бұл жүйе олардың диспетчерлермен тұрақты байланысын қамтамасыз етеді және шахталарда болып жатқан оқиғалар туралы онлайн режимде үздіксіз ақпарат бере алады. Бұл жұмыскерлердің өмірін сақтап қалуға және жарақаттануын азайтуға бағытталған бір ғана мысал. Цифрландырудың арқасында көптеген маңызды процестерді өзгертуге және өндірістегі адамдардың өмірін қорғауға болады» деп атап өтті Бағдат Мусин.



Айта кетейік, соңғы 15 жылда «АрселорМиттал Теміртау» зауыттарында 100-ден астам жұмысшы қаза тапқан.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арселормиттал #цифрландыру #5G желілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);