Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Архившілердің ІІ Конгресі Алматыда шетелдік маманд...

Архившілердің ІІ Конгресі Алматыда шетелдік мамандардың басын қосты

Әлеумет 01.10.2024, 15:28 1,057
Архившілердің ІІ Конгресі Алматыда шетелдік мамандардың басын қосты
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

1 қазанда Алматыда «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты архившілердің II конгресі басталды, ол 20 мемлекеттен архив қызметінің басшылары мен қызметкерлерін, ғалымдар мен сарапшылардың басын қосып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина мәлімдеді.

Аталған іс-шараны Қазақстан  Президенті Архиві ұйымдастырды, биыл құрылғанына 30 жыл болған мекеме   пікір алмасу, тәжірибе және идеялармен бөлісу үшін маңызды алаң ретінде танылды. 

«Архившілер конгресі халықаралық диалог құру үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Іс-шараның маңызды аспектісі - биыл өзінің 30 жылдығын атап өтетін Қазақстан Президенті Архиві осы форумның ұйымдастырушысы болып отыр, бір жағынан, бұл оған іс-шараның сәтті өтуі үшін ерекше жауапкершілік жүктейді», - деп атап өтті А.Мұстафина.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2023 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша саммитінде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу еліміз үшін ұлттық басымдық болып табылатынын атап өткен болатын.

«Тұрақты даму мақсаттары ілгерілету мәселелері архив саласында да көрінісін табуда. Конгрес барысында архивтерді тиімді басқару, қоғамның тарихын қалыптастыруда мұрағаттар институтының рөлі, сондай-ақ өзгеруші климат жағдайында архив мұраларын сақтаумен байланысты халықаралық диалог пен құқық бойынша шақыртуларға қатысу тақырыптары талқыланады», - деді ӨКҚ спикері.

Ұйымдастырушылар Конгресс мұрағат ісін дамыту жолында  және олардың жаһандық орнықты даму жүйесіндегі рөлінде маңызды кезең болатынына сенімді. Олар сондай-ақ барлық қоғамдық институттарды пікірталастар мен диалогқа белсенді қатысуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұра #конгрес #дамыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.