AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Архив қызметкерлерінің айлығы көбейеді

Архив қызметкерлерінің айлығы көбейеді

Әлеумет 13.11.2025, 11:44 403 yakiya
Архив қызметкерлерінің айлығы көбейеді
Сурет: Egemen.kz

Мәжілісте архив ісін дамытуға қатысты заң жобасы екінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Заң жобасы архив жүйесін нығайтуға, цифрлық процестерді реттеуге, дербес деректерді қорғауға және тарихи мұраны сақтауға бағытталған.

Жаңа заң жобасының негізгі жаңалықтары:

Ұлттық архив қорының құрамын қала құрылысы, жобалық-сметалық және сызбалық құжаттар есебінен кеңейту;
Құжаттарды тұрақты сақтауға қабылдау және цифрлық архивке өткізу тәртібін реттеу;
Бюджет есебінен жасалған аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын архивтерге тапсыру;
Цифрлық архивке арналған жаңа бап енгізу.
Депутат Елнұр Бейсенбаев мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесіне ерекше тоқталды.

AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі – мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру. Осыған сәйкес заң жобасында жергілікті атқарушы органдардың рөлін күшейтетін нормалар қарастырылған. Енді олар ауылдық жерлердегі архив мамандарының лауазымдарын өздері айқындап, жалақыға қосымша 25 пайыз үстемақы белгілей алады, – деді ол.

Сонымен бірге Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекеттік архивтерге “Ұлттық” мәртебе беріледі. Бұл шешім Парламент пен Үкіметтің елдің тарихи жады мен мәдени мұрасын сақтау бағытындағы бірлескен жұмысының нәтижесі.

Енді ұлттық архив қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу кезінде 1,75 еселік үстеме коэффициент қолданылатын болады. Алдағы жылы Астана мен Алматы қалаларындағы екі архив осындай ұлттық мәртебеге ие болуы жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#архив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);