Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ардагерді ардақтауға арналған турнир

Ардагерді ардақтауға арналған турнир

Әлеумет 23.09.2024, 14:44 948
Ардагерді ардақтауға арналған турнир
almaty-akshamy.kz

Жуырда ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, ҰҚК органдарының еңбек сіңірген ардагері, «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің  Алматы қаласы бойынша бұрынғы төрағасы  полковник Абдумәлік Райымқұловты еске алуға арналған бильярдтан турнир өтті. 

Аталмыш шара Астана қаласында ұйымдастырылды. Турнир «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері» республикалық – қоғамдық бірлестігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Оған Абдумәлік Райымқұлұлының көзін көрген, бірге қызметтес болған бір топ ардагерлер келді. Генералдар: Жанат Жарасов, Тұрсын Айжолов, Нағашыбай Атшабаров және тағы басқалары келді. 

Алдымен жарыс басталмай тұрып, ақ дастархан жайылып марқұмға арналып құран бағышталды. Жиналғандар полковник Абдумәлік Райымқұловты еске алып, бірге қызмет атқару кезіндегі естеліктерімен бөлісті.

-  Полковник А. Райымқұловтың қызметтік және өмірлік бай тәжірибесі, кәсіби жолы көптеген буын қызметкерлері үшін Отанға қызмет етудің жарқын  үлгісі болып қала бермек. Қарапайым, зиялы, сауатты азамат болатын, адамгершілік қасиеті де жоғары еді. Оның ешқашан біреуге дауыс көтеріп сөйлегенін көргенім жоқ,-дейді генерал – майор Тұрсын Айжолов.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері» республикалық – қоғамдық бірлестігінің Төрағасы полковник Кенжеболат Бекназаров та өз ойымен бөлісті.

-  Абдумәлік Райымқұлұлының қазасы барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды. Биыл 16 шілдеде сұм ажал арамыздан ардақты ардагерімізді алып кетті. Кіммен қызмет атқармасын барлығы оның жақсы қасиеттерін еске алады. Әсіресе, Алматыдағы ардагерлер ұйымын жақсы басқарды. Барлық жұмыстардың басы-қасында болатын. Ол біздің мәңгі жүрегімізде,-деп есіне алды.

Бильярд турниры тартысты өтті. Ардагерлер ойын көркін қыздыра түсті. Турнир соңында жеңімпаздарға Кубок пен грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

-  Әкемді еске алып келгендеріне көп рахмет. Осы шара алдағы жылдары да осы жарыс өз жалғасын табатынына сенімдімін. Баршаларыңызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Аға буын өкілдеріне мың алғыс,-деген сөздермен ұлы Азат Райымқұлов шараны қорытындылады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ардагер #әскери қызметші #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.