ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Ақын Қасымхан Бегмановпен лирикалық кеш өтті

Ақын Қасымхан Бегмановпен лирикалық кеш өтті

Мәдени Алматы 11.02.2026, 18:50 125
Ақын Қасымхан Бегмановпен лирикалық кеш өтті
Сурет: «Abai University» медиа орталығы
Бүгін Абай универистетінде ақын, журналист, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегмановтың «Көктемге хат» атты ән-жыр кеші ұйымдастырылды. «Адал азамат» жобасы аясында өткен...

Бүгін Абай универистетінде ақын, журналист, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегмановтың «Көктемге хат» атты ән-жыр кеші ұйымдастырылды. «Адал азамат» жобасы аясында өткен тағылымды шарада қаламгер жастармен ашық сұхбат құрып, поэзия мен ән арқылы жүрек сырын ақтарды. Көктем лебіндей сезілген бұл рухани кеш студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, әсерлі диалог алаңына айналды.

Қазақ руханиятының көрнекті өкілі Қасымхан Бегманов – жыр мен тарихты, сезім мен зердені сабақтастыра білген қаламгер. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы әдебиет пен журналистика саласында өнімді еңбек етіп, ұлт мұрасын түгендеуге, рухани құндылықтарды дәріптеуге сүбелі үлес қосқан әдебиет өкілі. Ақынның сыршыл поэзиясы талай буын оқырманның жүрегіне жол тауып, әсіресе жастардың сезім әлемімен үндесіп, үйлесім тапқан. Университеттің өнерсүйер жастары қадірлі қонақты ерекше ықыласпен қарсы алып, рухани кешті шынайы құрмет пен ыстық ықыласқа бөледі.

– Бүгінгі шара сіздерге арналған, жастар. Бұл кеште көктемге деген сағыныштарыңызды басып, махаббат туралы жыр-шумақтар оқимыз. Сіздермен жолығып отырғаныма қуаныштымын. Сұрақтарыңызды қойып, ашық, сырлы сұхбат жүргізейік, – деп ағынан жарылды ақын. Ақынның бұл сөзі кештің шырайын кіргізіп, жиналған қауымды еркін де емен-жарқын әңгімеге жетеледі.

Кеш барысында университеттің өнерлі жастары көпшілікке кеңінен танымал «Ол көктем оралмайды», «Бақыттымын өзіңмен» әндерін шырқап, көрермен көңілін көкжиекке самғатса, Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар орталығының мүшелері ақынға арнаған жыр жолдарын тебіреніспен шырқады. Республикаға танымал академик-ғалымдар, ақын-жазушылар мен журналистер рухани шараның қадірменді қонағына айналып, әдебиет пен өнердің алтын арқауын жалғаған кештің куәсі болды.

Шара барысында Шаба Әденқұлқызы Қасымхан ақынның «Арманым едің», «Менің де дауысым естілер» әндерін нақышына келтіре орындаса, жас әнші Жақсыбек Қалелбек «Мен сүйген қыздар» әнін әуелетті. Ал Ақсұңқар Ақынбабақызының орындауындағы «Тоғыспаған тағдырым» әні көрермен жүрегіне нәзік мұң сыйлап, зал іші үнсіз толғанысқа бөленді.

Кештің соңы сырлы әңгімеге ұласып, ақын мен студенттер арасында шынайы диалог өрбіді. «Ғашықтық деген не?» деген жүрекке жақын сауалға жауап ретінде оқылған залдағы жас көрерменнің жан дүниесін дір еткізіп, махаббаттың мәңгілік тақырып екенін тағы бір мәрте айқындағандай. Сондай-ақ «Шерлі Түркістан» тарихына қатысты терең сауал қойылып, зерттеуші ақын тарих тағылымын тарқата айтып, өткен мен бүгінді сабақтастырған мазмұнды ойларымен бөлісті.

Ән мен жырдың әуені қатар өрбіген романтикалық кеш студенттердің көкейіндегі сауалдарға жауап беріп қана қоймай, олардың рухани көкжиегін кеңейтіп, әдебиетке деген іңкәрлігін арттырды. Жүрек түкпіріндегі нәзік сезімдерді қозғаған бұл жүздесу жүректерге жылу, көңілге шуақ сыйлаған тағылымды басқосу болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,249 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,177 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.