конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Ақын Ақұштап Бақтыгереева: «Елдің ертеңін тілеу ке...

Ақын Ақұштап Бақтыгереева: «Елдің ертеңін тілеу керек»

Құрылтай Бүгін 14:19 45
Ақын Ақұштап Бақтыгереева: «Елдің ертеңін тілеу керек»

Алматының Наурызбай ауданындағы дауыс беру учаскелерінде мерекелік көңіл күй орнады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аудан ардагерлері жиналған учаскелердің біріне қазақтың көрнекті ақын қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева келіп, ел болашағына қатысты маңызды таңдаудан шет қалмауға үндеді.

«Дауыс беру құқығына қашан ие боламын деп армандаған ата-бабаның арманы бізге тиді. Дауыс беру керек, қолдау керек. Елдің ертеңін тілеу керек қолдан келгенше. Өйткені бізге керегі – елдің және болашақ ұрпақтың бақыты, жас сәбилердің ұйқысы мен күлкісінің тыныш болуы, аспанымыздың ашық болуы. Біз соғысты да, жоқтықты да көрдік», – деді ақын.

Шұғыла шағынауданындағы №633 және №650 дауыс беру учаскелерінде келушілер үшін ерекше мерекелік атмосфера қалыптасты. Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, дауыс берушілердің көңілін көтерді. Маңызды саяси науқан күні жүзге жуық жас өнерпаз өнерін ортаға салды.

Аталар мен апалардан құралған «Арай» ән-би ансамблі де белсенділік танытып, өнер көрсетті. Ансамбль мүшелері жуырда Қытайда өткен «Алтын жүрек» байқауынан Бас жүлде алған.

Азаматтық парызын өтеуге келгендердің бірі «Мұқағали» журналының бас редакторы, Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Дүйсен Мағлұмов. Оның айтуынша, елімізде соңғы 4-5 жылда іргелі реформалар жүзеге асырылып келеді. Сол өзгерістердің бірі Құрылтай жүйесі.

«Бұрын Парламент дейтінбіз. Парламент қазақша сөз емес қой. Енді өзіміздің Құрылтайымызды құрып отырмыз. Енді парламентаризм Құрылтай деп аталады. Бұрынғыдай екі палаталы емес, бір палатаға көшіп отырмыз. Оған халықтың қалауы да солай болатын. Бізде бір ғана Отан бар. Ол Қазақстан. Сол Отан үшін күйінуіміз керек. Мұқағали атамыз Отанды сүюдің де күйік екенін, Отанды сүймеудің де күйік екенін айтқан. Бұл өте үлкен сөз. Сондықтан Отанды сүйейік. Еліміз, жұртымыз аман болсын!» – деді ардагер.

Дауыс беру учаскелерінде балалар шығармашылығының туындылары да келушілер назарына ұсынылды. Сурет көрмесі ұйымдастырылып, саз балшықтан бұйым жасау өнері көрсетілді.

Ал Наурызбай ауданындағы №629 дауыс беру учаскесінде келушілер үшін кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Осылайша аудан тұрғындары маңызды таңдау жасап қана қоймай, мәдени-рухани мазмұндағы іс-шараларға да қатысуға мүмкіндік алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақұштап Бақтыгереева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әскери институт курсанттары өз таңдауларын жасады

Бүгін 15:13

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт – филиппиндік бақылаушы

Бүгін 15:11

Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері: Алматының танымал спортшылары сайлауға қатысты

Бүгін 15:10

Алматының бірқатар бағытында қоғамдық көліктегі жолаушылар саны артқаны байқалады

Бүгін 15:08

Қазақстандағы сайлау учаскелері жоғары деңгейде дайындалған – Элла Памфилова

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);