ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Ақтоты Райымқұлова Мемлекеттік рәміздер күнімен құ...

Ақтоты Райымқұлова Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Билік 04.06.2021, 12:54 2,015
Ақтоты Райымқұлова Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
Сурет: Gov.kz
Ақтоты Райымқұлова Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады


Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтемелеп.


«Ардақты ағайын!


Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рəміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран қиырда жүрген әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарға айналды. Рәміздеріміз арқылы дөңгеленген дүниеге біз үшін тыныштық пен түсіністік, ізгілік пен татулықтан асқан қымбат ұғым жоқ екенін жеткізіп келеміз.


Көк байрақ кемесін алысқа бағыттап бара жатқан жас мемлекетіміздің ниет-тiлегiнiң тазалығын көрсетеді. Нұрын шашқан алтын күн өмірді, уақытты, бейбітшілік пен байлықты бейнелейді. Қанатын кеңге жайған қыран құс халқымыздың айбарын, еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.


Елтаңба ортасындағы шаңырақ отанның бастауы отбасы екенін айғақтаса, қанатты пырақтар ғасырлар бойғы жасымас жiгердiң, талмас талаптың, тәуелсiздігін аңсап, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Төрдегі алтын түстес бес бұрышты жұлдыз бен уықтар Ұлық Ұлыстың мұрагері Қазақстанға жол нұсқап тұр.


Айбарлы Әнұран оң қолымыздың алақанын жүрек тұсына қойып шырқағанда елдік жолындағы ерлікті, бабалар аманаты мен Мәңгілік ел болуға белін бекем буған буынның үнін сезіндіретін қастерлі жыр. 


Құрметті отандастар, көрген кезде жігерлендіріп, бойымызды ерекше сезімге бөлейтін рәміздерімізді қастерлеу біздің ортақ парызымыз. Лайым халқымыздың айбарын асқақтатып, бойына ұлтжандылық дарытатын нышандар төрімізден түспей, тұғыры биік болсын!» - деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.