AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ақтауда жасөспірім Land Cruiser Prado көлігімен по...

Ақтауда жасөспірім Land Cruiser Prado көлігімен полициядан қашпақ болды

Заң мен тəртіп 28.05.2025, 09:33 1,709 Bakyt
Ақтауда жасөспірім Land Cruiser Prado көлігімен полициядан қашпақ болды
Сурет видео скрині

Ақтауда полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара кезінде Toyota Land Cruiser Prado маркалы жол талғамайтын көлікті тоқтатпақ болған. Қызметкерлер жүргізушінің құжаттарын тексермек болғанда, рульде жасөспірім бала отырғаны анықталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алайда жас жүргізуші полицейлердің талаптарына бағынбай, көлікпен қашуға әрекеттенген. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бозбала бірнеше рет апатты жағдай туғызып, бірнеше көшені кесіп өткен. Полицияның жедел әрекетінің арқасында жасөспірім көп ұзамай ұсталды.

Көліктің иесі анықталып, жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда:

  • Жасөспірімнің көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра рульге отырғаны үшін,

  • Полиция талабына бағынбағаны үшін,

  • Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін.

Сонымен қатар, көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қосымша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, заңды өкілдің жауапкершілігі қаралуда.

Полиция ата-аналар мен көлік иелеріне кәмелетке толмаған балаларға көлікті басқаруға жол бермеу қажеттігін қатаң ескертеді. Мұндай немқұрайлық ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтау #бала #көлік #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);