AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақтауда еңбек тақырыбындағы патриоттық форум өтті

Ақтауда еңбек тақырыбындағы патриоттық форум өтті

Әлеумет 19.06.2025, 17:35 774 Bakyt
Ақтауда еңбек тақырыбындағы патриоттық форум өтті
aqshamnews.kz

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтауда дәстүрге айналған патриоттар форумы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен өткен форум «Еңбек – ырыстың қазығы» деген атаумен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Форумға қалалық қоғамдық кеңес өкілдері, аналар және ақсақалдар кеңесі мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, білім, құқық қорғау, денсаулық сақтау салаларының өкілдері мен жастар қатысты.

Шараның басты мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, еңбекқорлықты насихаттау және елге адал қызмет етіп жүрген қарапайым азаматтардың еңбегін дәріптеу дейді шара ұйымдастырушысы.

- Мемлекет басшысы 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осы орайда бүгінгі форумға тек спортшылар мен өнер адамдары ғана емес, күн сайын қаланың тыныс-тіршілігіне үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшы мамандар да қатысып отыр. Үйлеріміздің жарығы сөнбей, жылуы үзілмей тұруы – сол кісілердің ерен еңбегінің нәтижесі. Олар – шынайы патриоттар. Біз олардың үлгілі істерін жастарға өнеге ретінде көрсетуіміз керек, – деді «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының басшысы Жақсыгүл Маханбетова.

Шара соңында қаланың үздік патриот жастары марапатталды. Сондай-ақ қатысушылар «Атамекен» әні аясында көк туды желбіретіп белсенділік танытты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #еңбек #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);